Медициналық лицензиясы бар стоматологиялық клиникалардың тізімі

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес медициналық қызмет лицензиялауға жатады және лицензиялауға жататын медициналық қызметтің кіші түрлері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) айқындалған. Заңда Денсаулық сақтау саласындағы бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың) тізбесі айқындалған. Сонымен, стоматологиялық көмек лицензияланған медициналық қызметтің кіші түріне жатады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабына сәйкес медициналық қызметке лицензияның жоқтығы үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. ҚР ДСМ Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті медициналық қызметке берілген лицензияларды келесі стоматологиялық клиникаларға берді. Департамент, Сізге стоматологиялық клиниканың лицензиясыз қызметі анықталған жағдайда 2-ші Кірпіш 6/1 көшесі, тел:50-75-40 мекенжайы бойынша Департаментке хабарласуға болатынын хабарлайды.
Дата публикации
30 июня 2025