Солтүстік Қазақстан облысының медициналық мекелерінің басшылары «Денсаулық сақтау менеджерінің» сертификаттарына ие болды...

Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын беру жөніндегі мемлекеттік қызметті енгізуге байланысты Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдарының жергілікті басшылары денсаулық сақтау саласындағы менеджердің басқару қызметіне даярлығын бағалау мен қорытындыны растай отырып, «Денсаулық сақтау менеджменті» маманданғы бойынша сертификаттаудан өтті.

         Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Денсаулық сақтау саласындағы Менеджер» сертификаттары бар:

  1. АЙМАНОВ НҰРЛАН БАҒДӘУЛЕТҰЛЫ – «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК директоры;
  2. МҰСТАФИН АЙДАР ЖАНТӨРЕҰЛЫ – «№1 қалалық аурухана» ШЖҚ КМК директоры;
  3. МҰҚАШЕВ АЙЗАР МАНАТҰЛЫ – «Солтүстік Қазақстан медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК директоры.

         2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексіне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы менеджерлерді сертификаттауды медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган жүргізеді және басқару қызметін жүзеге асыруға қарамастан әрекет етеді.

«Денсаулық сақтау саласындағы Менеджер» сертификаты Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент саласындағы кәсіби құзыреттерді кеңейтуге мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау менеджерлері медициналық ұйымның бірінші басшысы атынан IТ технологияларын қоса алғанда, инновациялық медициналық технологияларды енгізеді, түрлі аурулардың алдын алуға, денсаулықты сақтауға және халықты сауықтыруға байланысты жобаларға бастамашылық жасайды және үйлестіреді.

         ҚР ДСМ Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті атынан сіздерге өркендеу мен мақсатқа жетуде табыс тілейміз!

Дата публикации
17 мая 2024