«Денсаулық сақтау менеджері» сертификатын алу үшін қандай құжаттар қажет

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 1 – бабына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы менеджер-мемлекеттік медициналық ұйымды басқаруды жүзеге асыратын бірінші басшы. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты-мемлекеттік медициналық ұйымды басқару жөніндегі қызметпен айналысуға белгіленген үлгідегі құжат.

«Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданылуын растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-254/2020 бұйрығымен (бұдан әрі – Қағидалар) регламенттеледі.

Сертификаттауға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес соңғы 5 (бес) жыл ішінде үздіксіз кәсіби даму іс-шараларын растаған үміткерлер жіберіледі. Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын алғаш алған кезде ұлттық тәуелсіз емтихан орталығында Денсаулық сақтау саласындағы менеджердің басқару қызметіне дайындығын растау туралы қорытынды алу үшін кемінде 10 кредит немесе 300 сағат сертификаттау курсынан өту қажет.

Үміткер барлық қажетті құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz көрсетіледі. Көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні ішінде.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) нысан бойынша өтініш;

2) мәліметтер нысаны;

3) «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыттары бойынша жоғары кәсіптік білім туралы диплом;

4) қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау менеджменті саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжат;

5) басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған үміткердің білімі туралы құжаттарды тану туралы құжат;

6) ЭҮШ мәліметтері болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы еңбек қызметін растайтын құжат;

7) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы менеджердің басқару қызметіне дайындығын растау туралы қорытынды.

Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды электрондық көшірмелер түрінде береді.

Шет тілінде берілген құжатқа қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аударманың қосымша электрондық көшірмесі ұсынылады.

Денсаулық сақтау саласындағы менеджердің басқару қызметіне дайындығын растау туралы қорытынды алу үшін аккредиттелген ұйым «Ұлттық Тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ болып табылады.

Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz.порталында іске асырылды.

Толығырақ ақпарат алу үшін Департаменттің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөліміне 8(7152) 70-80-04 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Дата публикации
13 марта 2024