Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің (бұдан әрі - Департамент) медициналық қызметтер көрсету (көмек) және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілді.
Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Департамент қызметкерлерінің өз функцияларын жүзеге асыру және өкілеттіктерін орындау кезіндегі іс әрекеттерін айқындайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Департаменттің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтауға және олардың теріс салдарын болдырмауға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі қағидаттары заңдылық, ашықтық, әдептілік, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау және мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты медициналық қызметтер көрсету (көмек) және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу болып табылады.
Кеңес алу үшін және сұрақтар туындаған жағдайда Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Айгүл Қайржанқызы Такееваға жеке қабылдауға келуге немесе 40-05-38 телефоны бойынша хабарласуға болады.