ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2020 жылғы 13 шілдедегі # 178-р-л/с өкімі негізінде КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі жағдайында дәріхана ұйымдарында дәрілік заттар тапшылығының алдын алу үшін дәрілік заттардың тұрақтандыру қоры құрылды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, "Солтүстік" ӘКК және "NordFarmMarket" ЖШС арасында үш жақты шарт жасалды, бастапқыда 250 млн теңге бөлінді, 150 млн теңге сомаға қосымша келісім 2022 жылдың шілдесіне дейін ұзартылды.
Тұрақтандыру қоры арқылы 120 953 522тг сомасына дәрілік заттардың 16 атауы сатып алынды. 2022 жылғы 16 ақпандағы жағдай бойынша дәрілік заттардың қалдығы жалпы сомасы 5 808 163 теңгені құрайды. Тұрақтандыру қорында вирусқа қарсы (осельтамивир), ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы (парацетамол, ацетилсалицил қышқылы, ибупрофен, цитрамон), бактерияға қарсы (азитромицин) дәрілік заттар, муколитиктер, диуретиктер бар.
Дәрі-дәрмектерді Петропавл қаласының фармацевтикалық ұйымдары және облыстың 13 ауданындағы аудандық ауруханалар сатады.
Қалдықтарда жарамдылық мерзімі қысқа дәрілік заттар бар-Сефабел 1,0 мерзімі 2022 ж. 04.дейін, Анзибел мерзімі 2022 ж. 07., Осельтамивир 2022 ж 20.01. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде "ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Б.Байсеркиннің хаттамалық тапсырмасының 4 – тармағына сәйкес" Дәріхана қоймаларында COVID-19-дан дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етудің ағымдағы жағдайы бойынша мәселелер" тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңеске қатысушылармен дәрілік заттардың тапшылығына қатысты мәселелер талқыланды. "NordFarmMarket" ЖШС директоры М.Жәкенов Тұрақтандыру қорындағы дәрі-дәрмектер туралы ақпарат берді. Департамент COVID -19 таралуының ықтимал теріс сценарийін ескере отырып, дәрі-дәрмектердің жеткілікті санын қорда ұстауға және Департаментке тұрақты негізде ақпарат беруге ұсыныстар берді.
2022 жылғы 31.01. Департамент Тұрақтандыру қорынан дәрілік заттарды сату мәселесі бойынша Денсаулық сақтау басқармасымен және Кәсіпкерлік басқармасымен және, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте басқа да мүдделі тұлғалармен бірлесіп кеңеске қатысты. Кеңесте фармацевтикалық жұртшылықпен кеңес өткізу, ақпараттық жұмысты күшейту туралы шешім қабылданды.
3 ақпанда облыстық мәслихаттың депутаты Евгений Кинцельдің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі депутаттық топтың отырысы өтті. Отырысқа Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің, облыстың дәріхана желілерінің өкілдері, "NordFarmMarket" ЖШС директоры Мұрат Жәкенов қатысты. Отырыс барысында облыс халқын қолжетімді бағамен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындауда "NordFarmMarket" ЖШС жәрдемдесу шаралары туралы мәселе талқыланды. Аталған дәрілік заттарды сату мәселесі айтылып, Тұрақтандыру қорынан дәрілік заттардың қалдықтары мен бағалары бойынша жаңартылған прайс ұсынылды.
Мәселені шешу туралы "Фармацевтикалық ұйымдар қауымдастығы" СК директоры Т.И. Анохина, Облыстық мәслихат депутаты, жұмыс тобының мүшесі Асхат Барлыбаев сөз сөйледі. Пандемия басталғанда облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу, дәрі-дәрмек тапшылығы мен бағасының өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдау үшін жауапкершілікті өз мойнына алған ЖШС бастамасын қолдады. Талқылау жемісті және нәтижелі өтті. Дәрі-дәрмектердің бір бөлігі отырыстан кейін тікелей дәріхана желісіне жіберілді.
Кеңес барысында қатысушылар шалғай елді мекендерде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және жеткізу бойынша жылжымалы дәріхана пункттерін құру үшін қаржыландыру, сондай-ақ облыста фармацевтикалық кадрлардың жетіспеушілігі сияқты проблемалық мәселелерді айтты. Кеңесте сондай-ақ лицензиялау, тиісті фармацевтикалық практиканың сәйкестігіне инспекция жүргізу мәселелері көтерілді.