Дәрілік заттардын шекті бағалары бойынша халыққа арналған жадынама
►ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті келесіні хабарлайды.
ҚР ДСМ м.а. 27.08.2021 жылғы «Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» №ҚР ДСМ-94 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) саудалық атаулары бойынша дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары бекітілді. Бұл дәрілік заттардың айналысы нарығындағы алыпсатарлықты және дәрілік заттар бағасының негізсіз өсуін болдырмауға мүмкіндік береді.
Осы Бұйрықта көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін, дәрілік заттардың 7256 саудалық атауына (әртүрлі дәрілік нысандарды, өлшеп-орау мен мөлшерлеуді ескере отырып) шекті бағалар белгіленген.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында «DariKz» электрондық қосымшасы жұмыс істейтінін хабарлаймыз, осы қосымшаны смартфонға жүктеп, халық ҚР аумағында рұқсат етілген дәрілік препараттар, оның ішінде олардың бағалары туралы барлық ақпаратты біле алады.
Жүктеу сілтемелері:
► Play Market (https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.dari).
►App store (https://apps.apple.com/kz/app/darikz/id1518808783).
Дәріханаларда дәрілік заттардың бекітілген шекті бағасынан асып кеткен жағдайда,Сіз Департаментке (мекен-жай: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, 2-ші Кирпичная көсі, 6/1 кұрылыс. Телефон 40-05-38) және «DariKz» электрондық қосымшасы арқылы шағымдана аласыз.
Дәрілік заттардың белгіленген шекті бағаларын арттырғаны үшін фармацевтикалық қызметпен айналасатын субъектілеріне қатысты ҚР 05.07.2014 жылғы № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426-бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген, яғни, жеке тұлғаларға – 70, лауазымды адамдарға – 100, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 130, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.