Меню

Страницы

Статья

«Медициналық қызметке лицензия беру» Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) медициналық қызметке лицензияға өтінішті қабылдауды және  беруді электрондық түрде «www.elicense.kz», «www.egov.kz» веб-порталдары арқылы жүзеге асырады.

«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығымен бекітілген медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес (бұдан әрі – Бұйрық №59) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша көрсетіледі, медициналық қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымды қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» порталының төлем шлюзі арқылы ҚР Салық кодексіне сәйкес төлейді:

1) лицензияны беру үшін – 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 10 %-ы, бірақ 4 АЕК-дан артық емес;

3) лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 100%-ы.

Веб-портал деректеріне сәйкес төлем деректемелері www.elicense.kz бюджеттік сыныптама коды (БСК) - 105402, төлем мақсатының коды (ТТК) - 911 (төлем заңды (жеке) тұлғаның тіркелген жері бойынша жүргізіледі).

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 13 (он үш) жұмыс күні.

Медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  • Лицензия және лицензияға қосымша алу үшін:
  • өтініш;
  • «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы төлеуді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
  • медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттардың болуын растайтын мәліметтер нысаны;
  • жоғары немесе орта медициналық білімі туралы диплом (2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
  • қайта даярлаудан өткені туралы куәлік немесе біліктілігін арттырудан өткені туралы куәлік;
  • «электрондық үкімет» шлюзінің ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭҮШ) жұмыскерлердің бейіндері туралы және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген кіші қызмет түрлеріне сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат;
  • ЭҮШ-да мәліметтер болмаған жағдайда меншік құқығын немесе жалдау шартын немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын куәландыратын құжаттар;
  • Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:
  • өтініш;
  • лицензияны қайта ресімдеу жағдайлары үшін ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
  • ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
  • Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
  • өтініш;
  • ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.

Құжаттар электрондық көшірмелер түрінде беріледі.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 6-тармақшасына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге Медициналық қызметке лицензия беруді келісу (сыртқы келісу) жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес департаменттер құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган Тексеруді тіркегеннен кейін лицензия және (немесе) оған қосымша берілгенге дейін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушыға ауызша нысанда рұқсаттық бақылау объектісіне бару күні мен уақыты туралы хабарланады.

Рұқсат беру бақылауы көрсетілетін қызметті алушының медициналық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысанында ұсынған деректерін тексеру үшін жүргізіледі. Департамент мамандары мәліметтер нысанында тіркелген деректерді нақты бар болуымен салыстырады, құжаттардың түпнұсқаларын, оның ішінде медициналық бұйымдарды (жұмыс істейтін) пайдалану құқығына рұқсат беру құжаттарын тексереді – Кодекстің 231, 242-баптарына сәйкес таңбалануын, амортизация мерзімін, мәлімделген жиынтықтауға арналған тіркеу куәлігін (не Қазақстан Республикасының аумағына біржолғы әкелу құқығына арналған құжатты) тексереді, оларды көшірмелермен салыстырып тексереді, объектінің фототүсірілімін жүргізеді (жеке сәйкестендіру нөмірі).

Рұқсаттық бақылау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасалады.

Қосымша сұрақтар бойынша +7 (7252) 535-021 телефонына хабарласуға болады.

Дата публикации
08 февраля 2022
Дата обновления
08 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
05 июня 2023
GPP тұрал ақпарат
Ақпарат
05 июня 2023
"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы