Меню

Страницы

Статья

Медицина және фармацевтика қызметкерлері, сондай-ақ Шымкент қаласының тұрғындары үшін рецептілік дәрілік заттарды тиісінше жазып беру және босату мәселелері бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) келесіні хабарлайды.
Бүгінгі таңда дәрі-дәрмектерді рецепт бойынша босату дәріхана мен медицина қызметкерлері үшін ең өзекті және проблемалық тақырыптардың бірі болып қала береді.
Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына, КВИ бар пациенттердің асқынулары мен өлім жағдайларының өсуіне байланысты дәрігердің рецепті бойынша босатуға жататын дәрілік заттардың рецептімен тиісінше өткізілуін бақылау қажеттілігі өсуде.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы бар науқастарға дәріханалардың фармацевтерінің (провизорларының) өз бетінше тағайындауына және өз бетінше медициналық көмек (қызмет) көрсетуге қатаң тыйым салынатынын еске саламыз. Дәріханалардағы фармацевтердің біліктілік талаптары мен функционалдық міндеттеріне сәйкес халыққа дәрілік заттарды дербес тағайындау фармацевтикалық қызметке жатпайды.
ҚР ДСМ 2020 жылғы 2 қазандағы "Рецептілерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы" ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығының (бұдан әрі-№112/2020 Бұйрық) 9-тармағына сәйкес медицина қызметкерлері рецепттер дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауымен қазақ немесе орыс немесе латын тілдерінде жазылады, пациенттің қабылдауына болмайтын, дәрілік препарат құрамы көп компонентті болған жағдайларда саудалық атауымен жазылады. Рецепттер бланкте көзделген барлық бағандарын міндетті түрде анық толтырумен, қолдану тәсілі, дозасы, жиілігі және қабылдау ұзақтығы көрсетіле отырып, тиісті бағандарда жазылады. Жалпылама нұсқаулармен ("Белгілі", "Ішке қолдануға", "Сыртқа қолдануға") шектеулерге жол берілмейді. Рецептіде түзетуге жол берілмейді.
Медицина қызметкерлеріне "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 82-бабының 1-бөлігімен дәрілік заттарды өткізу ережелерін және рецептер жазу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін айыппұл түрінде (жеке тұлғаларға-бес, лауазымды адамдарға-он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде) айыппұл санкциялары көзделгенін еске салады.
 Өз кезегінде, "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы" ҚР ДСМ 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 Бұйрығының (бұдан әрі -ҚР ДСМ-104/2020 Бұйрығы) 16-тармағына сәйкес рецептімен босатуға жататын дәрілік заттарды дәріханалардың фармацевтері тек рецептілері бойынша беруге тиіс.
Сондай-ақ, медицина қызметкері жазып берген дәрігерлік тағайындаулар парағы, маманның (дәрігердің) консультация парағы рецептілік бланкіге теңестірілмейді және рецептілік препараттарды босату үшін негіз болып табылмайды. Дәріханалардың фармацевттері медициналық тағайындау парақтарының негізінде тек рецептсіз дәрі-дәрмектерді босата алады.
 ҚР ДСМ-104/2020 Бұйрығының 18-тармағына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу мынадай шарттарды сақтай отырып жүзеге асырылады:
- фармакотерапияға, денсаулықты нығайтуға, халық ауруларының алдын алуға және фармакологиялық қадағалауға жататын мәселелер бойынша денсаулық сақтау субъектілерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
- дәрілік препараттарды ұтымды тағайындауды насихаттауға қатысу;
- мамандарға: (дұрыс және ұтымды қолдану немесе пайдалану; ықтимал жанама әсерлері мен қарсы көрсетілімдері; басқа дәрілік заттармен өзара іс-қимыл жасау, оларды қолдану немесе пайдалану кезіндегі сақтық шаралары; үй жағдайларында жарамдылық мерзімдері мен сақтау қағидалары; медициналық бұйымдарды пайдалану қағидалары, жиынтықтылығы;)
- шұғыл жағдайларда халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетумен қамтамасыз етіледі.
ҚР ДСМ-104/2020 Бұйрығының 29-тармағына сәйкес дәрігер жазып берген дәрілік зат болмаған жағдайда, бөлшек саудада өткізу объектісінің маманы пациентке дәрігердің келісімінсіз дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы бар, дәрілік заттан бастап ең төмен баға бойынша ассортиментте бар дәрілік заттың синонимдерін ұсынады немесе емдеуші дәрігердің келісімі бойынша оны фармакологиялық баламасына ауыстыруды жүзеге асырады.
Фармацевтикалық "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 426 - бабының 1 – бөлігінде дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу саласындағы субъектілердің дәрілік заттарды өткізу қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл санкциялары көзделген (жеке тұлғаларға – жетпіс, лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне-бір жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл).
Сонымен қатар, тиісті рецепт бойынша мәселе бүгінгі күні ашық күйінде қалып отыр, осыған байланысты Департамент осы проблемалық мәселені қойып, шешу жолдарын ұсынды, оған сәйкес №112/2020 Бұйрықтың талаптарына сәйкес дәрігерлер рецептілік дәрілік заттарға рецепт жазып беруге міндетті, ал медициналық ұйымдар мен дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу саласындағы ұйымдардың басшылары осы талаптардың орындалуын ерекше бақылауға алуы қажет.
Дата публикации
03 августа 2021
Дата обновления
03 августа 2021
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
05 июня 2023
GPP тұрал ақпарат
Ақпарат
05 июня 2023
"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы