ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының 5 Қосымшасының 1 тармағына сәйкес Тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) (бұдан әрі – GPP Стандарт) Қазақстан Республикасы халқына фармацевтика қызметкерлерінің көрсететін фармацевтикалық қызметінің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, Стандарттың талаптарын және Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызмет көрсетудің сапасын басқару жүйесін ұйымдастыруды анықтайды. Осы Стандарт халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, оларға дәрілік заттар туралы нақты ақпарат беруге, салауатты өмір салтын насихаттауға және аурудың алдын алуға, рецептуралық дәрілік препараттарды ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге, дәрілік препараттардың орын алған жағымсыз әсерлері туралы ақпаратты беруге және өзін өзі емдегенде көмек көрсетуге бағытталған.
Осы GPP Стандарт дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдалануды оңтайландыруға және ем нәтижесіне баға беруге мүмкіндік беретін дәрігердің, пациент және фармацевтің өзара байланысын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы GPP Стандарт дәрілік заттардың бөлшек саудасын жүзеге асыратын ұйымдарда қолданылады.
GPP Стандартының 1-тармағының 4-абзацына сәйкес дәріханалық ұйымдардың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізумен, дәрілік препараттарды дайындаумен байланысты фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі талаптардың бірі болып табылады.
GPP Стандартының 4-тармағына сәйкес Тиісті дәріханалық практиканың негізгі талаптары мыналар:
1) пациентке адамның денсаулығын сақтау мақсатында бағдар жасау;
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың оңтайлы тағайындалуына және тиісті түрде пайдаланылуына әрекет ету;
3) фармацевтикалық қызметтің әрбір элементінің жекелеген тұлғаға бағытталуы;
4) кәсіби этика және құпиялылықты сақтау;
5) сапалы фармацевтикалық қызмет көрсету;
6) фармакология, фармакотерапия және деонтологияның негіздерін білетін білікті персоналдың болуы;
7) тиісті жабдықтардың, үй-жайлардың және сапалы дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтауды, есепке алу және сатуды қоса, тұтынушыға дейін тиісті сапасын қамтамасыз ететін басқа да қажетті шарттардың болуы;
халыққа консультациялық және ақпараттық көмек беруге арналған арнайы әдебиеттердің болуы;
9) дәріханалық және медициналық ұйымның фармакотерапияға, денсаулықты нығайтуға, халықтың ауруының профилактикасына және фармакологиялық қадағалауға қатысты барлық мәселелерде өзара сенімділікті және құпиялылығын білдіретін өзара әрекеттестігі;
10) барлық қызметкерлердің білім деңгейін жүйелі (үздіксіз), дамыту және арттыру, оның ішінде фармацевтикалық қызметкерлер үшін 5 жылда кемінде 1 рет біліктілігін арттыру арқылы;
11) тиісті құжаттаманың болуы;
12) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, дәріханалық тауарлардың түр-түрін сатып алу жүйесі бойынша және дансаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға қатысы жоқ, жалған фармацевтикалық өнімдердің анықталуы мен таралуын тойтару бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету болып табылады.
GРP Стандарты дәріхана мамандарына тиісті рецепт жазуды қамтамасыз ету үшін жауапкершілік жүктейді, сонымен бірге дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізудің қолданыстағы ережелерінің талаптары ескеріледі. ҚР ДСМ 2020 жылғы 17 қыркүйектегі «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығының 31-тармағы 2-абзацының талаптарына сәйкес дұрыс жазылмаған рецептілер туралы ақпарат тиісті медициналық ұйымның басшысына және (немесе) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың тиісті жергілікті органдарына мәлімет үшін беріледі. Дәрігер мен фармацевтің ынтымақтастығы фармакотерапияның сапасын жақсартуға, дәрігерлік және фармацевтикалық қателіктердің санын азайтуға, дәрілік заттардың жанама әсерлері туралы ақпаратты реттеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, GРP Стандартының 23-тармағына сәйкес дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерінің мониторингі дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері туралы мәліметтерді анықтауға, жинауға, бағалауға және талдауға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.
Өз кезегінде, ҚР ДСМ 2020 жылғы 23 желтоқсандағы «Фармакологиялық қадағалауды және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-320/2020 бұйрығының (ҚР ДСМ-320/2020 Бұйрығы) 6-тармағының 1,2-тармақшаларына сәйкес карта-хабарламаларды беру мақсатында уәкілетті ұйымның порталына рұқсат алу үшін:
1) денсаулық сақтау субъектілері дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне мониторинг жүргізуге жауапты тұлғаның деректерін көрсете отырып, медициналық ұйымдардың тізбесін береді;
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттері дәрілік заттардың жанама реакцияларына мониторинг жүргізуге жауапты тұлғаның деректерін көрсете отырып фармацевтикалық ұйымдардың тізбесін береді.
GРP Стандартының 19-тармағына сәйкес, дәріхана ұйымының басшысы дәрілік заттардың жанама әсерлерінің мониторингін ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты адамды тағайындайды.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 233-бабының 3-тармағына сәйкес дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер 2023 жылғы 01 қаңтардан бастап дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу объектілері (дәріханалар, медициналық ұйымдардағы дәріханалар) үшін қолданысқа енгізілетін тиісті дәріхана практикасының (GРP) талаптарын сақтауға міндетті.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Сіздің дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу объектілеріңізде Тиісті дәріханалық практика (GPP) Стандартын енгізу қажеттігі туралы хабарлаймыз.