«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 1-бабы 1-тармағының 82) тармақшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттау – жеке тұлға біліктілігінің Денсаулық сақтау саласындағы салалық біліктілік шеңберінде және кәсіптік стандарттарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау рәсімі, сондай-ақ клиникалық немесе фармацевтикалық практикаға немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке әзірлікті қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік қызметке әзірлікті айқындау. Фармацевтикалық білімі бар (жоғары немесе орта (техникалық және кәсіптік) және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар сертификаттауға жатады.
Кодекстің 276-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маманды сертификаттау 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.
Фармацевтикалық қызметкерлерге қатысты денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды ҚР ДСМ 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі № ҚР ДСМ-274/2020 Бұйрық) бұйрығына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган жүргізеді.
"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін Департамент электрондық форматта, "электрондық үкіметтің" веб – порталы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы (бұдан әрі-Портал) көрсетеді, қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ұйымдардың бірінші басшыларына фармацевтикалық білімі бар (жоғары және орта) мамандарды жұмысқа қабылдау кезінде фармацевтикалық практикаға жіберу үшін маман сертификатының болуы міндетті талап болып табылатындығын ескертеді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Сіздің ұйымдарыңыздағы фармацевтикалық білімі бар қызметкерлерге фармацевтикалық практикаға жіберу үшін, сондай-ақ жаңадан қабылданатын фармацевтикалық білімі бар (жоғары және орта) қызметкерлерге фармацевтикалық сертификаттарды алу қажеттілігі туралы хабарлайды.