Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" № 360-VI Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 49-тармақшасына сәйкес дәріхана, және оның ішінде ғаламтор арқылы жүзеге асыратын дәріханалар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге жатады.
ҚР ДСМ 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 16-тармағына сәйкес, дәріхананың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау үй-жайларында (аймақтарында), тамақ өнімдері, сусындар, темекі бұйымдары, сондай-ақ жеке адамға пайдалануға арналған дәрілік заттар сақтауға тыйым салынады .
Сонымен қатар, ҚР ДСМ 2022 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-141 "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің көтерме және бөлшек саудада өткізуіне рұқсат етілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жатпайтын тауарлардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығының қосымшасына (бұдан әрі - тізбе) сәйкес, дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің көтерме және бөлшек саудада өткізуіне рұқсат етілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жатпайтын тауарлардың тізбесіне мыналар жатады:
Осылайша, дәріханаларда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жатпайтын өнімдерді орналастыру кезінде халық тұтынатын тауарларды сатуға рұқсат етілген осы тізбені басшылыққа алу қажет.