Кейбір медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына, 259-бабы
1-тармағының 1) тармақшасына, және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген)
(бұдан әрі – Қағидалар) 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтата тұрылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ, «СҚ-Фармация» ЖШС жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  3. Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21836 болып тіркелген) 10 және 11-тармақтарына сәйкес, медициналық бұйымдарға берілген өнімдердің сәйкестік сертификаттарының қолданылуын тоқтатылсын.
  4. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
    алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын Комитеттің жетекшілік төраға орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: Қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға және өзге де құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сотқа дейінгі тергеу қызметінің Арнайы тергеу тобының басшысы тергеушісі Б.Шамғұновтың 2025 жылғы 23 шілдедегі № 5-2-11/5241-И ұсынысы, Комитеттің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 2025 жылғы 4 тамыздағы еңбек кеңесінің хаттамасы және төрағаның орынбасары Г. Раймкулованың қызметтік жазбасы.

Дата публикации
11 сентября 2025