Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 1-бабының
3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. «ПОЛЬФАРМА» АҚ фармацевтикалық зауыты Нова Дембадағы өндірістік бөлім, Польша өндірінген № ҚР-ДЗ-5№025959 «Дапаглисан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 5 мг» және № ҚР-ДЗ-5№025958 «Дапаглисан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 10 мг» дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтата тұрылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамға және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  3. Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21836 болып тіркелген) 10 және
    11-тармақтарына сәйкес, дәрілік заттарға берілген өнімдердің сәйкестік сертификаттарының қолданылуын тоқтата тұрылсын.

Сараптама ұйымы порталда қолжетімділікті ашуды expertise.ndda.kz төлем жүргізу және тіркеу куәліктеріне өзгерістер енгізу үшін құжаттама беру және дәрілік заттардың тіркеу куәліктеріндегі барлық сәйкессіздіктердің жойылуын бақылау тапсырады.

  1. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
    алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сондай-ақ
7-тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 7119-24-00-2/12110 анықтамасы және Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның хатымен 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 2-010346-24-75573 жіберілген дәрілік заттарды тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұруды келісу туралы 2024 жылғы 18 қыркүйектегі шешімі.

 

Дата публикации
27 сентября 2024