Дәрілік заттардың бағасын реттеуге қатысты актуалды сұрақтар бойынша

ҚР ДСМ және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп 2023 жылғы 29 желтоқсанда көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттардың бағасын кезең-кезеңмен қайта реттеуді көздейтін «Денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі Жол картасын» бекітілген. Бұл жоба елімізде көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттардың бағасын кезең-кезеңімен реттеуді көздейді.

Бүгінгі күнге көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттардың бағасы ҚР ДСМ м.а. 2021 жылғы 27 тамыздағы № ҚР ДСМ-94 «Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» бұйрығымен (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-94 Бұйрығы) 6 890 атау бойынша бекітілген. Бірінші кезеңде 2023 жылдың басынан бастап бәсекелестік ортаға 3-тен астам аналогы және 3-тен астам өндірушілер шығаратын 302 атауы бойынша дәрігердің рецептісіз босатылатын дәрілік заттардың шекті бағалары мемлекеттік реттеуден босатылған. Осы позициялар бойынша фармацевтикалық нарықтағы бағалардың талдауы өсу фактілері орын алмағанын көрсетеді, осы дәрілік заттардың көтерме және бөлшек бағасының тұрақтылығы сақталуда. Екінші кезеңде 2024 жылы барлық рецептісіз дәрілік заттарды қайта реттеу жоспарланған болатын, алайда рецептісіз дәрілік заттардың бағасы күрт өсу қаупі туындауына байланысты көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесінің жобасы ҚР ДСМ Стратегиялық комитетінің отырысында қаралып, келесі шешім қабылданды

(2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 28/1 хаттама): - 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 900-ге жуық рецептісіз дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеуден босату (бір халықаралық патенттелмеген атауы шеңберінде 2-ден аса аналогтары мен өндірушілері бар); - 2024 жылдың екінші жарты жылдығында барлық рецептісіз дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеуден босату.

Сондай-ақ, монополиялық және олигополиялық нарықтарын қоспағанда, бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеуден алып тастау жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Ұлттық экономика министрлігімен «Монополиялық және олигополиялық нарықтарды қоспағанда, бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеуден кезең-кезеңмен бас тарту бойынша Жол картасы» жобасы әзірленген. Осы ретте, «Денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі Жол картасы» жобасының негізгі мақсаты еліміздің фармацевтикалық нарығында ұсынылған дәрілік заттардың тапшылығын жою, ассортиментін кеңейту, сондай-ақ, дәрілік препараттардың қолайлы бағамен қолжетімділігін қамтамасыз ету. ҚР ДСМ дәрілік заттардың бағасын реттеуден босату жобасын оң қабылдайды және оған үлкен үміт арта отырып, бизнестің саналылығы мен адалдығына толықтай сүйене отырып, бағаның күрт өсуі болмайды және мұндай шаралар салауатты бәсекелестік пен кәсіпкерлікке жағдай жасауға, сондай-ақ жаңа фармацевтикалық компаниялардың нарыққа оңай енуіне мүмкіндік береді деп санайды.

Бұдан бөлек, «Денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі Жол картасын» әзірлеушілердің пікірінше, салықтық және кедендік жеңілдіктер, өндірушілердің шығындарын өтеу есебінен отандық фармацевтикалық компанияларды ынталандыруға болады. Осы ретте, бағаның босатылуымен нарық өзін-өзі реттеуі, оның ішінде сұраныс пен ұсыныс тұрақты бағаны анықтайтындығы жоспарлануда.

Дәрілік заттардың бағаларына мемлекеттік реттеудің жойылуына байланысты елдің фармацевтикалық нарығында оң әсер, тұтынушылар тарапынан сұраныс пен нарық субъектілерінің ұсынысы негізінде дәрілік заттарға бағаны қалыптастыру жолымен тұрақтандыру күтілуде. Сонымен қатар, Департамент бүгінгі күнге № ҚР ДСМ-94 Бұйрығымен бекітілген мемлекеттік реттеуге жататын дәрілік заттардың шекті бағалары бойынша мәлімет «Dari.kz» ақпараттық сайтында қолжетімді екенін хабарлайды

Дата публикации
23 февраля 2024