«Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасы міндетін атқарушының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 455-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасы міндетін атқарушының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 455-НҚ бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) мынаны өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тоқтата тұру жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізбесінде:

реттік нөмірі 4 жол алып тасталсын;

реттік нөмірі 7 жол алып тасталсын;

реттік нөмірі 9 жол алып тасталсын;

реттік нөмірлері 20, 21, 22, 23, 24, 25 және 26 жолдар алып тасталсын;

реттік нөмірі 32 жол алып тасталсын;

реттік нөмірі 40 жол алып тасталсын;

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамға және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  2. Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұйрығының қосымшадан алынып тасталған дәрілік заттарына берілген тіркеу куәліктері және өнімнің сәйкестік сертификатының қолданысын қайта басталсын.
  3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
    алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сондай-ақ
5-тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын Комитеттің жетекшілік төраға орынбасары жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: Қазақстан Республикасындағы «Атабай Кимья Санайи Ве Тиджарет Аноним Ширкети» акционерлік қоғамы компаниясының
15 желтоқсандағы № н/ж, Қазақстан Республикасындағы «Медокеми лтд» өкілдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 47 және «Управляющая компания WHITE SAIL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2023 жылғы
29 желтоқсандағы № 55 хаттары және Қазақстан Республикасындағы «Claus Marsh Ltd» жабық акционерлік қоғамы өкілдігінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № ЗТ-2023-02649741 өтініші.

Дата публикации
16 января 2024