І. Жалпы ережелер
- Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қызметінің барлық салаларындағы тыйымдардың, шектеулердің және рұқсаттар жүйесін білдіреді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:
1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын және жауапкершілігін қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтау және олардың жағымсыз салдарын болдырмау;
3) Департамент қызметінің тиімділігін арттыру.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Департамент қызметінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысын бақылау саласында басшылық, іске асыру және бақылауды жүзеге асыру кезінде қолданылады;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Департамент қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті;
3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау үшін Департаменттің әрбір қызметкері дербес жауапты болады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты өзгерту «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіледі.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Департамент қызметкерлерінің белгіленген ережелерді мүлтіксіз сақтауға және қызмет саласына байланысты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған іс-әрекеттері мен шешімдерін айқындайды.
- Департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауын бақылауды Әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады.