"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) құзыреті шегінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. Департаментке егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері – 160011, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Д. Кунаев даңғылы, 27-үй.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 2-тарау. Департаменттің міндеттері мен функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

  1. Міндеттері:

      1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы салаларында мемлекеттік саясатты іске және бақылау-қадағалау асыру;

      2) құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету;

       3) өз құзыретінің шегінде Департаментке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

      1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

       2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;

      3) медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы салаларында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

      5) өз құзыреті шегінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы салаларында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      6) өз құзыреті шегінде рұқсаттық бақылауын жүзеге асырады;

      7) туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының, гемопоэздік дің жасушаларының, сүйек кемігінің, донорлық лимфоциттердің, жыныстық жасушалар мен эмбриондардың үлгілерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттары) береді;

       8) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды қоспағанда, медициналық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

      9) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

      10) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүргізетін медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер мониторингінің нәтижелеріне денсаулық сақтау субъектілері шағымданған кезде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      11) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының бірыңғай медициналық ақпараттық call-орталығының қызметін ұйымдастыруына қатысады;

      12) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативті сақтауына мониторингті жүзеге асырады;

      13) клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетеді;

      14) денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетеді;

      15) аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне аккредиттеуден кейінгі мониторингті жүргізеді;

      16) кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыру үшін "Назарбаев Университетіне" немесе оның медициналық ұйымдарына, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының медициналық ұйымдарына, сондай-ақ оқыту мақсатында қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және аккредиттелген университеттік ауруханалардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары клиникаларының базасындағы және резидентура базасындағы танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, ұлттық және ғылыми орталықтарға, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары медициналық колледждерге шақырылған адамдарды қоспағанда шетелдіктерге клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетеді;

      17) медицина қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

       18) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 230-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген фармацевтикалық қызмет түрлерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;

      19) денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы қызметін үйлестіреді;

      20) Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуді (әкетуді) келіседі;

      21) тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын әзірлеуге қатысады;

       22) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Кодекстің 24-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;

      23) фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асырады;

      24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

       1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, жеке және заңды тұлғалардан медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;

      2) жеке және заңды тұлғалар Департаменттің лауазымды тұлғалары берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгіну;

      3) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларға әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету;

       4) медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;

      5) өз құзыреті шегінде консультациялық-кеңесші және сараптамалық комиссиялар (жұмыс топтарын) құру;

      6) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

      8) Қазақстан Республикасы заңнамасының реттелетін салада қолданылуына талдау жүргізу;

      9) заңнамада белгіленген тәртіппен басқа ұйымдардан мамандарды тексерулер мен сараптамалар жүргізуге тарту;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      11) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы бағдарламаларды әзірлеу жөнінде, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;

      12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

  1. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
  2. Департамент басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. Департамент басшысының басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. Департамент басшысының өкілеттігі:

      1) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

       2) заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      3) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департамент қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      4) заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департамент атынан өкілдік етеді;

      5) заңнамаға сәйкес Департамент атынан заңды және жеке тұлғаларға талап-арыз және талап қою туралы шешім қабылдайды;

      6) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтарға қол қояды;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды;

      Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 4-тарау. Департаменттің мүлкі

  1. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

       Департаменттің оған меншік иесі берген, мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Департамент өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.




"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Дата публикации
19 октября 2021