Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың сертификаттарын, медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензиялар беру мәселелерін түсіндіру үшін консультативтік кабинет құрылды

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) келесіні хабарлайды.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің 01.09.2021 жылғы №25-01-25/2667-И хаты негізінде Департамент жанында

денсаулық сақтау саласындағы мамандардың сертификаттарын, медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензиялар беру мәселелерін түсіндіру үшін консультативтік кабинет құрылды.

Осыған байланысты, консультативтік кабинеттің үздіксіз жұмыс істеуі үшін ZOOM арқылы онлайн режимде кеңестер ұйымдастырылды. Департамент жанындағы консультацияларды өткізу кестесі-әр бейсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін. (медициналық қызмет мәселелері бойынша сағат 15.00-16.00 дейін, фармацевтикалық қызмет мәселелері бойынша сағат 16.00-17.00 дейін).

Дата публикации
21 сентября 2021