Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына, 259-бабы
1-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) 3-тармағының
2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтата тұрылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын, «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
    алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуы Комитеттің жетекшілік ететін төраға орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2026 жылғы 14 сәуірдегі
№ 25-06-885/И хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетінің төрағасы                                                            Б. Жүсіпов

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитетінің төрағасының

2026 жылғы ___ мамырдағы

№ _____

бұйрығына қосымша

 

 

Тоқтатыла тұруға жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізбесі

 

№ п/п

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Дәрілік заттың атауы

Өндіруші, ел

1

ҚР-ДЗ-5№012008

Декарис, таблеткалар, 50 мг

Гедеон Рихтер Румыния А.О., Румыния

2

ҚР-ДЗ-5№012009

Декарис, таблеткалар, 150 мг

Гедеон Рихтер Румыния А.О., Румыния

3

ҚР-ДЗ-5№024806

Гельмидол, таблеткалар, 50 мг

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, Қазақстан

4

ҚР-ДЗ-5№024807

Гельмидол, таблеткалар, 150 мг

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, Қазақстан

 

 

Согласовано

12.05.2026 07:53 Байтубаев Еркебулан Нургалиевич

12.05.2026 08:21 Ануарбеков Жанибек Досболович

12.05.2026 13:22 Раймкулова Гаухар Ушкемпиркызы

Подписано

12.05.2026 14:30 Джусипов Бауыржан Алишерович

Дата публикации
20 мая 2026