Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының                      1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарылып алынсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама ұйымы) хабарласын.
  3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: «ORAI» ЖШС 2026 жылғы 19 ақпандағы №ЗТ-2026-00716921 өтініші, «ORAI» ЖШС 2026 жылғы 19 ақпандағы №ЗТ-2026-00716644 өтініші, «Ново Нордиск Казахстан» ЖШС 2026 жылғы 02 наурыздағы №ЗТ-2026-00880660 өтініші, «КРКА Казахстан» ЖШС 2026 жылғы 04 наурыздағы №ЗТ-2026-00941273 өтініші, «Ново Нордиск Казахстан» ЖШС 2026 жылғы 10 наурыздағы №ЗТ-2026-01006159 өтініші, «Берлин-Хеми АГ» АҚ Қазақстан Республикасындағы филиалының 2026 жылғы 06 наурыздағы №ЗТ-2026-00989691 өтініші, «Бауш Фарма Казахстан» ЖШС 2026 жылғы 05 наурыздағы №ЗТ-2026-00961929 өтініші, «ORION PHARMA EAST (ОРИОН ФАРМА ИСТ)» ЖШС 2026 жылғы 27 ақпандағы №ЗТ-2026-00856404 өтініші.

Дата публикации
27 апреля 2026