«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Негіздеме: «Берлин-Хеми АГ» АҚ Қазақстан Республикасындағы филиалының 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 24 шығыс хаты, «Фирма «КЫЗЫЛМАЙ» ӨК 2026 жылғы 4 ақпандағы № ЗТ-2026-00465209 өтініші, «ORAI» ЖШС 2026 жылғы 17 ақпандағы № 79 шығыс хаты, «Алдимед» ЖШС 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 22 шығыс хаты, «Ново Нордиск Казахстан» ЖШС 2026 жылғы 9 ақпандағы № ЗТ-2026-00521539 өтініші