«Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасының міндетін атқарушының 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 66-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңы
65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасынының міндетін атқарушының 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 66-НҚ бұйрығына
    (бұдан әрі – Бұйрық) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Тоқтатыла тұруға жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізбесінде:

реттік нөмірлері 3, 8, 9, 11, 12 және 15-жолдар алып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің
    (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  2. Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дәрілік заттарға берілген тіркеу куәліктері және өнімнің сәйкестік сертификаттарының қолданысын қайта бастасын.
  3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
    алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дәрілік заттарын тоқтатуды алып тастау туралы хабарлауды;

2) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дәрілік заттарын тоқтатуды алып тастау туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын Комитеттің жетекшілік төраға орынбасары жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2026 жылғы 2 ақпандағы
№ 25-06-154/121, № 25-06-156/121 және 2026 жылғы 6 ақпандағы № 17-06-189/315, «Медокеми ЛТД» Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 15, ҚР-дағы «FARMAPRIM SRL» («ФАРМАПРИМ СРЛ») фирмасының өкілдігінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 2, «CEPHEUS Medical» ЖШС-нің 2026 жылғы 2 ақпандағы № 01/5121, «АЛДИМЕД» ЖШС-нің 2026 жылғы 3 ақпандағы хаттары.

Дата публикации
27 апреля 2026