Дәрілік заттың серияларын (партияларын) қолдануға, өткізуге қайта қалпына келтіру туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Химфарм акционерлік қоғамы өндіруші «Цеф III®+ Лидо, бұлшықет ішіне инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ еріткішімен (лидокаин гидрохлориді, инъекцияға арналған 1% ерітінді) жиынтықта, 1 г, 1.0 г құтыда, 3.5 мл еріткіштен ампулада, 1 құты препарат 1 ампула еріткішімен картон қорапшада» сериялары № 23090173 және № 24100085 дәрілік заттың серияларын (партияларын) қолдануға, өткізуге қайта қалпына келтірілсін.
  2. «Дәрілік заттың серияларын (партияларын) қолдануға, өткізуге тыйым салу, сондай-ақ айналыстан алып қою туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2025 жылғы 18 маусымдағы № 294-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  4. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) дәрілік заттың серияларын (партияларын) қолдануға, өткізуге қайта қалпына келтіру туралы хабарлауды;

2) дәрілік заттың серияларын (партияларын) қолдануға, өткізуге қайта қалпына келтіру туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын Комитеттің жетекшілік төраға орынбасары жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2025 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 39.4.2-16-1553/И хаты, 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № ПС-17/25, 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № ПС-20/25 және 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № ПС-21/25 сынақ хаттамалары, «Химфарм» АҚ-тың 2025 жылғы 24 желтоқсандағы
№ ЗТ-2025-04558576 өтініші, 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 2080 хаты.

Дата публикации
27 апреля 2026