Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттардың бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Қазақстанда шілде айында 589 дәрілік препараттың бөлшек саудадағы бағасы төмендеді. Мониторинг елдің 20 өңіріндегі 2 555 атаудағы дәрілік затты қамтыды.
Бақыланған дәрілік заттардың шамамен жартысының – 1 267 препараттың бағасы өзгеріссіз қалды. Ал 147 препараттың бағасы 20%-дан астам төмендесе, тағы 198 препараттың бағасы 10–20%-ға, 244 атаудың бағасы 5–10%-ға арзандаған.
Бағасы төмендеген дәрілік заттардың қатарында жұқпалы ауруларды, жүрек-қан тамырлары ауруларын және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуде кеңінен қолданылатын препараттар бар.
Атап айтқанда, Зитмак®️ 250 мг №6 препаратының бағасы 24,25%-ға, Цефтриаксон 1 г – 22,03%-ға, Пантап®️ 20 мг №14 – 20,1%-ға төмендеді. Сондай-ақ Лизиноприл-ЛФ 20 мг №10 – 14,7%-ға, Энап®️ 5 мг №10 – 13,27%-ға, Пульмикорт 0,25 мл – 11,09%-ға, Амоксиклав 875 мг/125 мг – 6,86%-ға арзандады.
«Комитет дәрілік заттардың бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Жиналған деректер фармацевтикалық нарықтағы ахуалды объективті бағалауға, өзгерістерге жедел ден қоюға және мемлекет белгілеген шекті бағалардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».
Тұтынушылар үшін дәрілік заттардың бағасын тексерудің қосымша құралы – Naqty Onim мобильді қосымшасы. Онда препараттың өндірушісі мен дистрибьюторы, сатылатын дәріхана және оған белгіленген шекті бөлшек сауда бағасы туралы ақпаратты көруге болады.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу тәсілдерін қайта қарады. Енді негізгі назар халық үшін әлеуметтік маңызы бар және сұранысқа ие дәрілік препараттарға аударылып отыр.
Тізбені өзектендіру нәтижесінде мемлекеттік баға реттеу 3 039 рецепт арқылы босатылатын дәрілік препаратқа қолданылады. Сонымен бірге 4 918 препарат мемлекеттік реттеуден шығарылды. Олардың қатарында рецептсіз босатылатын дәрілік заттар және құны бір айлық есептік көрсеткіштен аспайтын рецептпен босатылатын препараттар бар.
«Мемлекеттік баға реттеу тәсілдерін жаңарту халық үшін аса маңызды дәрілік заттарға бақылауды күшейтуге және сонымен қатар фармацевтикалық нарық субъектілеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік берді».
Шекті бағалардың сақталуына бақылау тұрақты түрде жалғасуда. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында шекті бағаларды асырудың 6 фактісі анықталып, олар бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1,4 млн теңгені құрады.
«Комитет шекті бағалардың сақталуын бақылауды жалғастырады. Заңнама талаптары бұзылған жағдайда тиісті әкімшілік шаралар қабылданады. Сонымен қатар өндірушілермен, дистрибьюторлармен және дәріхана ұйымдарымен өзара іс-қимыл жалғасып, баға тұрақтылығын сақтау және халықтың дәрілік заттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғаса береді».
Дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс өндірушілермен, дистрибьюторлармен және дәріхана ұйымдарымен бірлесіп жалғасуда. Шілде айының соңында Денсаулық сақтау министрлігінде фармацевтикалық нарық қатысушыларымен кеңес өткізіліп, дәрілік заттарды тұрақты жеткізу және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері талқыланды.
Қазақстанда азаматтарға дәрілік заттарды өз бетінше тексеруге, олардың таңбалануы мен қадағалануына қатысты ақпарат алуға, сондай-ақ белгіленген шекті бағалардың сақталуын бақылауға мүмкіндік беретін NAQTY ONIM цифрлық құралы жұмыс істейді.
Қосымша тауарларды мемлекеттік цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесі шеңберінде әзірленген. Оны пайдалану фармацевтикалық нарықтың ашықтығын арттыруға және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген дәрілік заттардың қаптамасында бірегей Data Matrix коды орналастырылады.
Дәрілік затты тексеру үшін NAQTY ONIM қосымшасын ашып, смартфон камерасының көмегімен кодты сканерлеу қажет.
Сканерлегеннен кейін пайдаланушы дәрілік зат туралы, оның ішінде мынадай ақпаратты ала алады:
Цифрлық таңбалау дәрілік заттың өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап дистрибьюторға, дәріханаға және соңғы сатып алушыға дейінгі қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді.
Қосымшаның тағы бір мүмкіндігі – дәрілік заттардың бағасын тексеру.
Пайдаланушы дәрілік затқа мемлекет белгілеген шекті бөлшек сауда бағасын біліп, оны дәріханадағы препараттың нақты бағасымен салыстыра алады.
Егер дәрілік заттың бағасы белгіленген шекті деңгейден асып кетсе, азамат бұл туралы көзделген цифрлық сервистер арқылы хабарлап, ақпаратты уәкілетті органдардың одан әрі қарауына жібере алады.
NAQTY ONIM азаматтарға сатып алынатын дәрілік заттар туралы ақпаратты өз бетінше алуға және ықтимал бұзушылықтар туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
Мұндай цифрлық құралдар мемлекеттік бақылауды толықтырып, дәрілік заттарды белгіленген талаптарды бұза отырып өткізу жағдайларын уақтылы анықтауға ықпал етеді.
Цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесі:
NAQTY ONIM қосымшасын пайдалану сатып алушыға дәрілік затты сатып алар алдында оның таңбалануын тексеріп, препарат туралы қажетті ақпаратты тікелей алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті 2026 жылғы 5 маусымнан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғанын хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы және талдау объектісінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар болған жағдайда, ақпаратты келесі электрондық пошта мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз: medfarm.pvl@dsm.gov.kz. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменті 2026 жылғы 8 мамырында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бастау алатыны туралы хабарлайды Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар, талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер болған жағдайда ақпаратты medfarm.pvl@dsm.gov.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Денсаулық сақтау жүйесінде пациенттердің қауіпсіздігі мен медицина қызметкерлерін қорғау мәселелері күн өткен сайын өзекті болуда. Осы бағыттағы тиімді құралдардың бірі — медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру.
Бұл не?
Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру — бұл медициналық көмек көрсету барысында пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда өтемақы төлеуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ медицина қызметкерін қаржылық тәуекелдерден қорғайтын тетік.
Қарапайым тілмен айтқанда, емдеу процесінде асқынулар немесе қателіктер туындаған жағдайда, сақтандыру жүйесі мәселені өркениетті түрде реттеуге мүмкіндік береді.
Неліктен бұл қажет
Сақтандыру бірнеше тарап үшін маңызды рөл атқарады:
* пациенттер келтірілген зиянның өтелуіне кепілдік алады;
* медицина қызметкерлері қосымша құқықтық және қаржылық қорғауға ие болады;
* медициналық ұйымдар даулы жағдайлар мен сот дауларының тәуекелдерін төмендетеді.
Бұл өз кезегінде дәрігер мен пациент арасындағы сенімді нығайтып, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын арттырады.
Қандай жағдайларда қолданылады
Әдетте сақтандыру келесі жағдайларды қамтиды:
* диагностикалық қателіктер;
* аурудың ағымына байланысты ерекшеліктер;
* емдеу кезіндегі асқынулар;
* медициналық көмек көрсету барысында туындайтын өзге де жағдайлар.
Бұл ретте сақтандыру қасақана әрекеттерге немесе заңнаманы өрескел бұзу жағдайларына қолданылмайтынын атап өткен жөн.
Денсаулық сақтау жүйесіне беретін әсері
Кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды дамыту:
* медициналық қызметтердің сапасын арттыруға;
* тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерін енгізуге;
* даулы жағдайлардың санын азайтуға;
* оларды қарау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алдағы бағыттар
Қазақстан Республикасында бұл бағытты одан әрі дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Медицина қызметкерлері үшін сақтандыру тетіктерін кеңейту және олардың қолжетімділігін арттыру мәселелері қарастырылуда.
Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру — бұл пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтары қорғалған, қауіпсіз әрі әділ денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
🆘Назар аударыңыз🆘
❗️Пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық мамандардың, оның ішінде шетелдік мамандардың медициналық көмектің сапасына кепілдік беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында бірқатар талаптар көзделген: шетелдік мамандар медициналық көмекті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы маманының тиісті сертификаты болған кезде және клиникалық практикаға жіберудің белгіленген тәртібі сақталған кезде ғана көрсете алады.
❗️Рұқсат құжаттары жоқ мамандарға жүгіну диагностика мен емдеудегі қателіктерге, сондай-ақ пациенттердің құқықтарының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Сезондық респираторлық вирустық инфекциялар өршіген кезеңде Департамент дистрибьюторлардың көтерме қоймаларында және Павлодар облысының аптектерінде дәрілік заттардың болуына тұрақты түрде талдау жүргізеді. Талдау нәтижелері дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік түрлерде және түрлі бағалық диапазонда жеткілікті көлемде бар екенін көрсетеді. Бұл – рецептісіз берілетін қызу түсіретін препараттар, жергілікті антисептиктер, қақырық түсіретін және қақырықты сұйылтатын дәрілер, иммунитетті көтеретін препараттар. Тынымсыз сұраныс байқалмайды, алайда облыста ОРВИ және тұмау емдеу хаттамасына енгізілген осельтамивир препаратына сұраныс артқан. Бұл дәрі тек дәрігердің рецепті бойынша берілетін және өзіндік емдеуге жатпайтын препарат болып табылады.
Сонымен қатар, рецептімен берілетін дәрілік заттарды рецептісіз сату әкімшілік құқықбұзушылық болып саналады. Ағымдағы кезеңде Департамент тарапынан дәріхана мамандарына қатысты рецептісіз дәрі беру фактілері бойынша 6 әкімшілік іс қозғалды.
Департамент ауру белгілері байқалған кезде, әсіресе балалар мен жүкті әйелдерде, ең алдымен дәрігерге жүгінуді ескертеді. Диагнозды қойып, қажетті емді тек дәрігер тағайындай алады. Антибиотиктерді қолдану тек нақты негіз болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Өзіндік ем қабылдау аурудың асқынуына, бактериялар мен микроорганизмдердің дәріге төзімділігінің дамуына әкелуі мүмкін.