«Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы».
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті бақылау функцияларымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде ұсынылатын рұқсат беру функцияларын іске асырады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірі – медициналық қызметпен айналысуға лицензия (лицензияға қосымша) беру.
Медициналық қызметпен айналысуға лицензиялар мен қосымшаларды алуға өтініш берген кезде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алған жөн.
Лицензия мен қосымшаларды алуға арналған негізгі талап Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қазанда № 21560 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығымен бекітілген, жарақтандырудың ең төмен стандарттарына сәйкестігі болып табылады. Аталған бұйрық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған және қолжетімді.
Департамент әр бейсенбі сайын сағат 15.00-ден бастап 17.00-ге дейін Zoom платформасы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету, соның ішінде, медициналық қызметті лицензиялау мәселелері бойынша консультациялар өткізеді.
Сілтемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің сайтында 2021 жылғы 9 қыркүйектегі құжаттар, жүктеп алуға арналған файлдар бөлімінде және департаменттің Фейсбуктегі парақшасында орналасқан. Анықтама телефоны 20-00-67 дүйсенбі – жұма жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін.
________________________________________________________________________________________________
«Об утверждении минимальных стандартов оснащения организаций здравоохранения медицинскими изделиями».
Департамент Комитета медицинского и фармацевтического контроля Министерства Здравоохранения Республики Казахстан по Павлодарской области осуществляет, наряду с контрольными, разрешительные функции, которые оказываются в рамках государственных услуг. Одна из государственных услуг –выдача лицензии (приложений к лицензии) на занятие медицинской деятельностью.
При подаче заявления на получение лицензий и приложений на занятие медицинской деятельностью необходимо руководствоваться действующими нормативно-правовыми актами.
Основным требованием для получения лицензий и приложений является соответствие медицинских организаций минимальным стандартам оснащения, утвержденным Приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 октября 2020 года № ҚР ДСМ-167/2020, «Об утверждении минимальных стандартов оснащения организаций здравоохранения медицинскими изделиями» зарегистрированным в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 октября 2020 года № 21560. Данный приказ размещен и доступен на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан.
Департаментом каждый четверг с 15.00 до 17.00 часов через платформу Zoom проводятся консультации по оказанию государственных услуг, в том числе по вопросам лицензирования медицинской деятельности.
Ссылка размещена на сайте департамента Комитета медицинского и фармацевтического контроля по Павлодарской области в разделе документы от 09.09.2021 г, файлы для скачивания и на страницу департамента на Фейсбук. Телефон для справок 20-00-67 в рабочее время с понедельника по пятницу с 9.00ч до 18.30 часов.