2026 жылғы 03 қыркүйектегі № 366-НҚ «Авонекс®,бұлшық ет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 30 мкг/0,5 мл» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің «Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидалары» туралы 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 шешімінің 10-тарауы 160-тармағы А) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

«Авонекс®,бұлшық ет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 30 мкг/0,5 мл», ЛП-№012070-РГ-KZ, тіркеу куәлігін ұстаушы «Ген Илач ве Саглык Урунлери Санаи ве Тиджарет БҰ»,Турция дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылсын.

№ 366-НҚ
Дата публикации
09 сентября 2026