2026 жылғы 3 кыркүйектегі № 365-НҚ «Окситоцин-Рихтер, вена ішіне және бұлшық ет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 5 ХБ/мл» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы

     

         «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің «Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидалары» туралы 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 шешімінің 10-тарауы 160-тармағы А) тармақшасынасәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

«Окситоцин-Рихтер, вена ішіне және бұлшық ет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 5 ХБ/мл», ЛП-№002616-ГП-KZ, тіркеу куәлігін ұстаушы «Гедеон Рихтер БҰҰ», Венгрия дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылсын.

№ 365-НҚ
Дата публикации
09 сентября 2026