2026 жылғы 07 тамыздағы № 335-НҚ «Хиконцил Комби, қабықпен қапталған таблеткалар 500 мг/125мг, 875мг/125мг» дәрілік заттың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының                      1-тармағының 7) тармақшасына және  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген) сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

«Хиконцил Комби, қабықпен қапталған таблеткалар 500мг/125мг,  875мг/125мг», РК-ЛС-5№023996, РК-ЛС-5№023982  тіркеу куәлігін ұстаушы «КРКА, д.д., Ново Место», Словения дәрілік затының тіркеу куәліктері кері қайтарылсын.

№335-НҚ
Дата публикации
25 августа 2026