2026 жылғы 5 тамыздағы № 329-НҚ Дәрілік заттың тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына, 259-бабы
1-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) 3-тармағының
1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

«Юнифарм, Инк», АҚШ өндіруші «МЕЛАКСЕН®, қабықпен қапталған таблеткалар, 3 мг» ҚР-ДЗ-5№010903 дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуы тоқтата тұрылсын.

№ 329-НҚ
Дата публикации
25 августа 2026