2026 жылғы 28 шілдедегі № 319-НҚ от 28.07.2026 «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2026 жылғы 12 мамырдағы № 233-НҚ бұйрығының күшін жою туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңы
65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2026 жылғы 12 мамырдағы № 233-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
  2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дәрілік заттарының тіркеу куәліктерінің қолданылуы қайта қалпына келтірілсін.
№ 319-НҚ
Дата публикации
25 августа 2026