2026 жылғы 08 маусымдағы № 267-НҚ «Бақылау жүйесі VERITAS Vision System» медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:

«Бақылау жүйесі VERITAS Vision System», ҚР-МБ (МТ)-0№027141, тіркеу куәлігін өндіруші «Johnson & Johnson Surgical Vision, Inc», АҚШ, медициналық бұйымның тіркеу куәлігі кері қайтарылсын.

№ 267-НҚ
Дата публикации
20 июля 2026