Антикор ерікті болуға шақырады

 «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ВОЛОНТЕРЛІК» ЖОБАСЫ

Жобаның Мақсаты

  1. Жобаның мақсаты - белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы
    іс-шараларға волонтер ретінде тарту болып табылады.

 

Жобаны іске асыру бағыттары

  1. Жоба волонтерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке келесі бағыттар бойынша тартуды көздейді:
  • қоғамдық бақылау;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және білім беру;
  • pro bono еріктілік (кәсіби көмек көрсету);
  • корпоративтік еріктілік.
  1. Аталған бағыттар шеңберінде мынадай іс-шаралар көзделген:

 

3.1. Қоғамдық бақылау

а) бағаны көтеру мәніне Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі;

б) бюджет қаражатын жұмсау тиімділігінің мониторингі;

в) өңірдің проблемалық мәселелерінің мониторингі;

г) тиісті жұмыс сапасы жоқ объектілердің мониторингі;

д) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингі;

е) ұлттық жобаларды, өңірлерді дамыту жоспарларын іске асыру мониторингі;

е) ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде заңнама талаптарының сақталуын мониторингі;

ж) әлеуметтік маңызы бар мекемелердің (балалар үйлері, қарттар үйлері және т.б.) жай-күйіне мониторинг жүргізу.

 

3.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және білім беру

а) сыбайлас жемқорлық проблемаларын зерттеу, кейіннен оларды жою және алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

б) студенттік қоғамдастықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

в) ЖОО, ұйымның мамандануын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шешімдерді әзірлеу;

г) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу (форумдар, конференциялар, семинарлар және т. б.);

д) сыбайлас жемқорлыққа қарсы контент жасауға қатысу (фильмдер (сериалдар), әлеуметтік роликтер әзірлеу, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта театрландырылған қойылымдар өткізу және т.б.).

 

3.3. Pro bono еріктілік (кәсіби көмек көрсету)

а) адвокаттардың, нотариустардың, сот орындаушыларының, кәсіподақтар мен ардагерлер ұйымдарының азаматтар мен еңбек ұжымдарына тегін құқықтық көмек көрсетуі;

б) комплаенс-офицерлерді практикалық оқыту;

в) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтерді сыртқы талдау шеңберінде сарапшыларды тарту.

 

3.4. Корпоративтік еріктілік

а) берілетін құжаттардың (талондардың, түбіртектердің) артқы жағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы баннерлерді орналастыру;

б) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша push-хабарламаларды жіберу;

в) ұйымның ерекшелігін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті ілгерілету.

  1. Көрсетілген бағыттар мен іс-шаралар осымен шектелмейді.

Агенттіктің аумақтық департаменттері Агенттіктің Превенция қызметімен келіскеннен кейін волонтерлердің ұсыныстары мен өңірдің қажеттіліктері негізінде жобаның қосымша бағыттарын (іс-шараларын) айқындауға жол беріледі.

  1. Волонтерлер өздерінің мүдделеріне және олар жүзеге асыратын қызмет түріне қарай жеке іс-шараларды немесе жобаның бағыттарын таңдай алады.

 

Жобаны іске асыру мерзімдері

  1. Жобаны іске асыру мерзімі: 2023 жылғы тамыз - 2024 жылғы желтоқсан.
  2. Жоба Агенттік басшылығының шешімімен ұзартылуы мүмкін.

Жобаны ұзарту немемсе тоқтату туралы шешім 2024 жылғы
15 қарашадан кешіктірілмей қабылданады.

 

Жобаны кадрлық қамтамасыз ету

  1. Жобаны іске асыруды Агенттіктің аумақтық департаменттері қамтамасыз етеді.
  2. Жобаның кураторы Агенттіктің Превенция қызметі болып табылады.

 

Жоба қызметін басқару

  1. Агенттіктің Превенция қызметі Агенттіктің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерінде жобаның басталғаны және еріктілерді тарту басталғаны туралы хабарлайды.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жеке үлес қосуға дайын адамдарды кеңінен тарту мақсатында Агенттіктің аумақтық департаменттері әлеуетті еріктілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді (оның ішінде БАҚ және әлеуметтік желілерде ақпараттық компания жүргізу арқылы) және жоба еріктілерін қабылдауды жүзеге асырады.
  3. Жобаның әлеуетті волонтерлері белсенді азаматтар, қоғамдық ұйымдар, студенттер, студенттік ұйымдар, зерттеу орталықтары, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлер, сарапшылар, мамандар, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, жеке ұйымдар және
    т. б. бола алады.
  4. Жоба волонтерлерін тіркеуді Агенттіктің аумақтық департаменттері үміткердің өтінім-сауалнамасын қабылдау арқылы
    1-қосымшаға сәйкес) өтінімдерді қабылдаудың қолжетімді арналары (электрондық пошта, eOtinish, Агенттіктің ресми интернет-ресурсындағы платформа, Агенттіктің аумақтық департаментінің кеңсесі және т.б.) арқылы жүзеге асырады.
  5. Жоба волонтерлерінің өздері таңдаған бағыттар мен іс-шаралар бойынша одан әрі жұмысын Агенттіктің аумақтық департаменттері өңірлік тізімін қалыптастыру және жүргізу (2-қосымшаға сәйкес), оларды оқытуды қамтамасыз ету (қажет болған жағдайда), практикалық және әдіснамалық көмек көрсету, олардың қызметінің нәтижелері туралы ақпарат жинау арқылы үйлестіреді.

Волонтерді оқытуға деген қажеттілік ол таңдаған бағытқа (іс-шараға) және оның дайындық деңгейіне қарай жеке тәртіппен айқындалады.

  1. Жоба волонтерлері 6 және одан да көп ай ішінде жоба шеңберінде еріктілік қызметті жүзеге асырмаған жағдайда, олар берген өтініш негізінде немесе Агенттіктің аумақтық департаментінің бастамасы бойынша өңірлік тізімінен шығарылуы мүмкін.
  2. Жоба волонтерлерінің құқықтары мен міндеттері «Волонтерлік қызмет туралы» ҚР заңына сәйкес белгіленеді.
  3. Жобаның қызметін ақпараттық сүйемелдеуді Агенттіктің аумақтық департаменттері (агенттіктің баспасөз қызметімен келісім бойынша) БАҚ, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы тұрақты негізде қамтамасыз етеді.

 

Есеп беру

  1. Жобаның волонтерлері мерзімді түрде (мерзімдер волонтер орындайтын тапсырма, мониторинг, іс-шара, жұмыс көлемі негізге алына отырып айқындалады) Агенттіктің аумақтық департаменттеріне жоба шеңберінде өз жұмысы бойынша ақпарат береді.

Агенттіктің аумақтық департаментінің сұрау салуы бойынша жоба еріктілері өз қызметінің нәтижелері бойынша қосымша ақпарат жібереді.

  1. Агенттіктің аумақтық департаменттері Nextcloud корпоративтік порталына тиісті мәліметтерді енгізу арқылы жобаны іске асыру бойынша есептілікті (3-қосымшаға сәйкес) күн сайын жүргізеді.

Агенттіктің аумақтық департаменттері әр жұма сайын Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ге дейін Nextcloud корпоративтік порталына (өз аймағының тиісті папкасына) Word форматындағы қысқаша анықтама түрінде еріктілердің оң кейстерін жүктейді.

Агенттіктің алдын алу қызметінің сұрау салуы бойынша Агенттіктің аумақтық департаменттері жоба шеңберіндегі қызмет нәтижелері бойынша қосымша ақпарат жібереді.

  1. Жобаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат Агенттік Төрағасына ай сайын беріледі.
  2. Агенттік басшылығы жоба шеңберінде есептілікті ұсынудың өзге де мерзімдерін айқындауы мүмкін.

 

Антикор ерікті болуға шақырады
Дата публикации
07 августа 2023