Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 ақпанда № 22143 болып тіркелді.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 244-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.05.2022 № ҚР ДСМ-41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы (бұдан әрі – сараптама ұйымы) – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектісі;
2) дәрілік заттардың айналысы саласындағы тиісті фармацевтикалық практикалар (бұдан әрі – тиісті фармацевтикалық практикалар) – дәрілік заттардың өмірлік циклінің барлық кезеңіне қолданылатын денсаулық сақтау саласындағы стандарттар: тиісті зертханалық практика (GLP), тиісті клиникалық практика (GCP), тиісті өндірістік практика (GMP), тиісті дистрибьюторлық практика (GDP), тиісті дәріханалық практика (GPP), тиісті фармакологиялық қадағалау практикасы (GVP) және басқа да тиісті фармацевтикалық практикалар;
3) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында басшылықты, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілерге қосуға арналған техникалық жағдайларды беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің ортақ терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
5) Қазақстан Республикасы фармацевтикалық инспекторларының тізілімі – Қазақстан Республикасының фармацевтикалық инспекторлары туралы мәліметтер қамтылатын, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның электрондық ақпараттық ресурсы;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
7) тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспектор – тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекцияны жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген және Қазақстан Республикасы фармацевтикалық инспекторларының тізіліміне енгізілген адам;
8) тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекторат (бұдан әрі – фармацевтикалық инспекторат) – дәрілік заттарға тиісті фармацевтикалық практикалардың және қолданылуының ықтимал тәуекеліне қарай медициналық бұйымдар сапасының менеджменті жүйесін енгізуге, қолдауға және бағалауға қойылатын талаптардың сақталуына инспекцияны жүзеге асыратын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері, оның аумақтық бөлімшелері және (немесе) уәкілетті орган айқындайтын ұйым;
9) тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекция (бұдан әрі – инспекция) – дәрілік заттардың айналысы саласындағы объектінің Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті фармацевтикалық практикалары талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында оны бағалау;
10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Инспекциялар:
1) мемлекеттік органдар оның аумақтық бөлімшелердің инспекторларын тарта отырып, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан субъектілердің тиісті зертханалық практика (GLP), тиісті клиникалық практика (GCP), тиісті өндірістік практика (GMP), тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарының сәйкестігіне;
2) мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарының сәйкестігіне;
3) мемлекеттік органның келісімі бойынша сараптама ұйымы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан субъектілердің тиісті зертханалық практика (GLP), тиісті клиникалық практика (GCP), тиісті өндірістік практика (GMP), сондай-ақ тіркеу куәліктерін ұстаушылардың тиісті фармакологиялық қадағалау практикасының (GVP) сәйкестігіне жүзеге асырылады.
1) қауіп туындаған, төтенше жағдайлар туындаған және оны жою жағдайында және (немесе) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралу қаупі туындаған кезде, қолайсыз химиялық, биологиялық, радиациялық факторлардың әсері нәтижесінде алынған зақымданулар мен аурулар дамыған жағдайда;
2) қайтымсыз күші бар мән-жайлардың немесе инспекторлардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупін тудыратын тараптардың еркінен тыс мән-жайлардың (мысалы, саяси, медициналық немесе басқа себептер бойынша) туындауы.
Инспекциялау субъектісі осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген шектеулер алынғаннан кейін (бұдан әрі – төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін) күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өтініш ұсынбаған жағдайда қашықтықтан инспекциялау нәтижесінде берілген сертификатты кері қайтарады немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналыстан алып қою не шектеу қағидаларында талап етілген шаралар қабылданады (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 желтоқсанда № 21906 болып тіркелді) (бұдан әрі – Тоқтата тұру қағидалары).
Инспекциялық топқа, фармацевтикалық инспекторат қызметкерлерінің және инспекциялық топтың жұмысына тартылған сарапшылардың біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасының фармацевтикалық инспекторатын қалыптастыру, фармацевтикалық инспекторларының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № ҚР ДСМ-129/2020 бұйрығына сәйкес фармацевтикалық инспектораттың сапа жүйесінің рәсімдерімен белгіленеді (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21435 болып тіркелген).
2-тарау. Инспекциялау жүргізу тәртібі
Инспекциялау субъектісінің өтінішіне мынадай құжаттарды қоса береді:
1) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия жөніндегі мәлімет (бар болса);
2) сапа жөніндегі нұсқаудың көшірмесі (инспекциялау субъектісінің сапа жүйесін басқару және дамыту тұжырымдамасы);
3) объектінің ұйымдық құрылымы мен штаттық кестесінің көшірмелері;
4) өндірістік алаңның (учаскенің) дерекнамасының көшірмесі (өндірушілер үшін);
5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оған қатысты инспекциялау жүргізілетін өндірушінің немесе шетелдік өндірушінің өндірістік алаңында өндірілетін (өндіруге жоспарланған) дәрілік заттардың тізбесі (өндірушілер үшін);
6) құжаттандырылған стандартты операциялық рәсімдердің тізбесі, электрондық түрде (электрондық жеткізгіште);
7) соңғы инспекциялау жүргізу нәтижелері туралы есептің көшірмесі (бар болса);
8) соңғы 5 (бес) жылдағы инспекция тізімі.
Құжаттар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде ұсынылады.
Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда инспекциялау субъектісі көрсетілген ескертулерді ескертулер берілген сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жояды.
Инспекция кезінде, егер өнім сапасына, процесс немесе сапа жүйесіне қатысты қаупі жоғары білдіретін сәйкессіздіктер анықталған кезде инспекциялау субъектісінің келісімі бойынша инспекцияның бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.
1) құжаттармен және жазбалармен танысады, инспекциялау субъектісінен мәлімделген тиісті фармацевтикалық практика талаптарына қатысты объектіні инспекциялау мәселелері жөніндегі мәліметтерді сұратады, өндірістік, қойма үй-жайларын, сапаны бақылау аймақтарын инспекциялайды, объект персоналымен сұхбаттасуды және персоналдың жұмыс орындарындағы қызметін бақылайды;
2) дәрілік зат сапасының төмендегенін көрсететін мәліметтер болған кезде дәрілік заттардың үлгілерін іріктеуді және зертханалық сынақтар жүргізуді жүзеге асырады;
3) аудио-, және (немесе) бейнежазбаны және суретке түсіруді жүзеге асырады, сондай-ақ тиісті фармацевтикалық практикалар талаптарына сәйкессіздіктер анықталған кезде куәлік ретінде пайдаланылуы мүмкін құжаттардан көшірмелер түсіреді;
4) инспекциялау субъектісінен инспекция жүргізу кезінде туындайтын мәселелер бойынша түсініктемелер алады;
5) тексеру субъектісі тарапынан инспекцияны жүргізуге кедергі болған кезде оны тоқтатады;
6) тиісті фармацевтикалық практика талаптарына сәйкес келмейтінін дәлелдейтін заттарға (материалдық дәлелдерге) қатысты шаралар қабылдайды немесе шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хабарлайды.
Адамның денсаулығы мен өміріне қауіпті дәрілік заттың, оның айналысы процесінде дәрілік затты өндіру сапасының төмендеу мүмкіндігінің елеулі тәуекелін туындататын немесе оған әкеп соғатын тиісті фармацевтикалық практика талаптарына сәйкессіздік өрескел сәйкессіздік болып табылады.
Тиісті фармацевтикалық практика талаптарына сәйкессіздік, ол дәрілік заттың айналысы процесінде оның сапасының елеулі түрде төмендеуіне алып келетін немесе оны туындататын өрескел сәйкессіздік немесе сәйкессіздіктер комбинациясы ретінде сыныпталмайтын, олардың бірде-біреуі өзі елеулі болып табылмайды, жиынтықта елеулі сәйкессіздікті білдіретін елеулі сәйкессіздік болып табылады.
Өрескел немесе елеулі санатқа түспейтін, алайда оны елеулі немесе өрескел деп сыныптайтын оған қатысты ақпарат жеткіліксіз, мәлімделген тиісті фармацевтикалық практиканың бұзылуы немесе сәйкессіздігі болмашы сәйкессіздік болып табылады.
Жетекші фармацевтикалық инспектор (топ жетекшісі) анықталған өрескел сәйкессіздіктер туралы тиісті ақпаратты мемлекеттік органға жібереді, оның негізінде мемлекеттік орган Тоқтата тұру қағидаларының 3-тармағы 8) тармақшасының талаптарыменда көзделген шешімді қабылдайды, бұл туралы инспекциялау субъектісін жазбаша хабардар етеді, сондай-ақ қажет болған жағдайда тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына және кедендік бақылау органдарына жібереді.
Инспекция есебі 3 (үш) данада жасалады және оған жетекші фармацевтикалық инспектор (топ басшысы) және инспекция тобы қол қояды.
Инспекция есебінің бір данасы инспекциялау субъектісіне (ілеспе хатпен бірге) қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмей жіберіледі, екінші данасы мемлекеттік органның архивінде және үшінші данасы сараптама ұйымында сақталады.
Инспекциялар бойынша құжаттар 5 (бес) жыл бойы сақталады.
Сертификат тиісті өндірістік практика (GMP) (сараптамалық жұмыс шеңберінде жүргізілген инспекциялауды қоспағанда), тиісті дистрибьюторлық практика (GDP), тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестікке беріледі.
Қорытынды тиісті клиникалық практика (GCP), тиісті фармакологиялық қадағалау практикасы (GVP) талаптары сәйкестігіне беріледі.
Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері Тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестік сертификатын береді немесе кері қайтарып алады.
Объектінің талаптарға сәйкестігі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі:
1) тиісті өндірістік практика (GMP) – 3 (үш) жылды құрайды;
2) тиісті дистрибьюторлық практика (GDP), тиісті зертханалық практика (GLP) – 3 (үш) жыл;
3) тиісті дәріханалық практика (GPP) – бірінші екі ретте 5 (бес) жылға, кейіннен үзіліссіз растау кезінде – мерзімсіз.
Инспекциялау субъектісі 2022 жылғы 1 шілдеге дейін осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес өтінішті ұсынбаған жағдайда, осы тармаққа сәйкес берілген сертификат кері қайтарып алынады.
1) өрескел сәйкессіздік анқыталған жағдайда;
2) түзету және алдын алу іс-қимылдарының жоспары мен оның орындалуы туралы есеп қоса берілген жауапты инспекция нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер жойылмаған кезде;
3) осы Қағидалардың 32-тармағында белгіленген мерзімде жауап ұсынылмаған кезде;
4) инспекциялау субъектісі инспекция жүргізуге кедергі жасаған жағдайда;
5) инспекциялау субъектісі уәкілетті органның шешімі бойынша инспекция жүргізуді қамтамасыз етпеген кезде.
Инспекциялау субъектісіне осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификатты беруден дәлелді бас тарту немесе дәрілік заттарды сараптау шеңберінде инспекциялау жағдайында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-10 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22144 болып тіркелді) Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларына 14 және 15-қосымшаларында нысан бойынша белгіленген дәрілік заттың қауіпсіздігі, сапасы және тиімділігі туралы теріс қорытынды беріледі.
Тиісті өндірістік практика (GMP) және тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) сәйкестігіне сертификаты үшін осы тармақта көрсетілген деректерді қайта ресімдеу осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес өтінім берілгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Өзгерістердің сипатына қарай фармацевтикалық инспекторат 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде тиісті фармацевтикалық практика талаптарына сәйкестігін тексеру үшін жаңа инспекция жүргізу туралы шешім қабылдайды.
1) инспекциялау субъектісінің өтініші бойынша;
2) инспекциялау субъектісінің стандартқа сәйкестік саласын кеңейтуге арналған өтініші бойынша инспекция кезінде ауытқуларды анықтау;
3) дәрілік заттар, медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектіні тарату;
4) мемлекеттік органға сапасыз өнімді өткізу, дәрілік заттарды тасымалдау және сақтау кезінде тиісті фармацевтикалық практика талаптарын сақтамау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүргізілген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша өрескел сәйкессіздіктерді анықтау;
5) егер қашықтықтан инспекциялау нәтижелері бойынша берілген сертификат немесе қорытынды болса инспекциялау субъектісі өтінішті күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ұсынбаған жағдайда;
6) инспекция жүргізбей Тиісті өндірістік практика сәйкестігіне (GMP) сертификаты бар Қазақстан Республикасының дәрілік заттарды өндірушілерінде қайталама жүргізілген және инспекция кезінде өрескел сәйкессіздіктер анықталған кезде және түзету және алдын алу іс-қимылдарының жоспары мен оның орындалуы туралы есеп қоса берілген жауапты бағалау нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер жойылмаған кезде;
7) қайталама инспекция жүргізу кезінде өрескел сәйкессіздіктер анықталған кезде.
Кері қайтарып алынған сертификат инспекциялау субъектісі сертификатты немесе қорытындыны кері қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде мемлекеттік органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне қайтаруға жатады.
3-тарау. "Тиісті фармацевтикалық практикалар сәйкестігіне сертификаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, өзге де мәліметтерді қамтитын өтінімді қабылдаудан бас тарту осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес "Тиісті фармацевтикалық практикалар сәйкестігіне сертификаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына және стандарттарына сәйкестігіне қарайды, қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің мынадай нәтижелердің бірін қалыптастырады:
тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігіне сертификат;
тиісті дистрибьюторлық практика сәйкестігіне сертификат (GDP);
осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" беріледі.
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
|
|
Тиісті фармацевтикалық |
Нысан
Отандық өтініш берушілер үшін
__________________________________________________________________________ мемлекеттік органның атауы
Объектіге фармацевтикалық инспекциялау жүргізу туралы өтініш
_______________________________________________________________ объектісінде
_______________________________________________________ мекенжайы бойынша
_____________________________________________ инспекциялау жүргізуді сұраймыз
мақсаты көрсетіледі
Бұл ретте мынаны мәлімдейміз:
Инспекциялау субъектісінің деректері:
Заңды тұлғаның және (немесе) дара кәсіпкердің атауы
__________________________________________________________________________
Заңды мекенжайы _________________________________________________________
БСН/ЖСН _________________________________________________________________
Объектінің мекенжайы: _____________________________________________________
Фармацевтикалық қызметке лицензияның және оған қосымшаның (бар болса)
№: _______________________________________________________________________
Телефон, факс: _____________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы: _____________________________________________
Аутсорсинг бойынша деректер (бар болса) _____________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы: _________________________
Басшы _____________________________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Инспекциялау субъектісінің уәкілетті тұлғасы: ________________________ _________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
|
|
Тиісті фармацевтикалық |
Нысан
Шетелдік өтініш берушілер үшін
_________________________________________________________________________ сараптау органының атауы
Объектіге фармацевтикалық инспекциялау жүргізу туралы өтініш
_____________________________________________________________ объектісінде
______________________________________________________ мекенжайы бойынша
_________________________________________________________________________
____________________________________________ инспекциялау жүргізуді сұраймыз.
мақсаты көрсетіледі
Бұл ретте мынаны мәлімдейміз:
Инспекциялау субъектісінің деректері:
Заңды тұлғаның және (немесе) дара кәсіпкердің атауы
_________________________________________________________________________
Заңды мекенжайы ________________________________________________________
БСН/ЖСН ________________________________________________________________
Объектінің мекенжайы: ____________________________________________________
Фармацевтикалық қызметке лицензияның және оған қосымшаның (болған кезде) №:
_________________________________________________________________________
Телефон, факс: ____________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы: ____________________________________________
Аутсорсинг бойынша деректер (бар болса) ____________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы: ________________________
Басшы _______________________________________________________ ___________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Инспекциялау субъектісінің уәкілетті тұлғасы: ______________________ ___________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
|
|
Тиісті фармацевтикалық |
Нысан
Инспекциялау жүргізуге қатысты (өндірушілер үшін) өндірушінің немесе шетелдік өндірушінің өндірістік алаңында (өндіруге жоспарланған) өндірілетін дәрілік заттардың тізбесі
|
Дәрілік препараттың саудалық атауы немесе Фармацевтикалық субстанциялар атауы |
Дәрілік препараттың немесе фармацевтикалық субстанцияның халықаралық патенттелмеген атауы немесе топтамалық (химиялық) атауы |
Дәрілік нысаны, дозасы (бар болса) |
Тіркеу куәлігі, берілген күні, қолданылу мерзімі немесе тізілімдік жазба, белсенді фармацевтикалық қоспа үшін тізілімге енгізілген күні (бар болса) |
Өнім түрі (№ 3-қосымшаға сәйкес көрсетіледі) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||
|
|
|
||||
Жасалған күні 20____ жылғы "______" _______________
Кәсіпорын басшысы/уәкілетті өкіл (лауазымы) __________________________
___________________________________________________________________
тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) қолы
|
|
Тиісті фармацевтикалық |
Нысан
Тиісті өндірістік практика талаптары сәйкестігіне қашықтықтан инспекция жүргізу үшін инспекциялау субъектісі ұсынатын құжаттардың тізбесі
|
|
Тиісті фармацевтикалық |
Нысан
Фармацевтикалық инспекциялау жүргізу бағдарламасы
|
р/с № |
Фармацевтикалық инспекторлардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Лауазымы, жұмыс орны |
|
1. |
|
|
Осы кәсіпорынға келетін жоғарыда санамаланған тұлғалардың әрқайсысы инспекция жүргізу кезінде оған белгілі болуы мүмкін ақпараттың құпиялылығы үшін жауапты болады.
Тиісті инспекция жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін:
________________________________________________________________ сұраймыз
|
№ |
Күні/уақыты |
Инспекциялауға жататын учаскелер, бөлімшелер, жүйелер, процестер |
Фармацевтикалық инспектор |
Инспекциялау субъектісінің өкілдері |
||
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
||
|
|
Тиісті фармацевтикалық |
|
||||
Нысан
Сәйкессіздік хаттамасы
_________ жылғы "____" _____________
Инспекциялау субъектісінің атауы ___________________________________________
Қызмет объектісі _________________________________________________________
|
Анықталған сәйкессіздіктер |
Анықталған сәйкессіздіктердің қысқаша сипаттамасы |
Ескертпе |
|
Өрескел |
|
|
|
Елеулі |
|
|
|
Болмашы |
|
|
Жетекші фармацевтикалық инспектор (топ басшысы) _____________________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Инспекциялау тобының мүшелері ____________________________ _______________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
__________________________________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Инспекциялау субъектісінің басшысы _________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Инспекциялау субъектісінің уәкілетті тұлғасы ___________________ _____________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
|
|
Тиісті фармацевтикалық |
Нысан
Фармацевтикалық инспекциялау жүргізу жөніндегі есеп
Фармацевтикалық инспектораттың атауы
________________________________________________________________________
мекенжайы, телефоны, сайты ______________________________________________
Инспекциялау субъектісінің атауы __________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________________
Негіздеме _______________________________________________________________
|
Инспекцияланатын объектінің атауы |
Объектінің атауы және толық мекенжайы |
|
Лицензия |
|
|
Компания қызметінің түрлері |
|
|
Инспекция жүргізу күні |
|
|
Инспекторлар (сарапшылар) туралы деректер |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы |
|
Инспекция нөмірі (бар болса) |
|
|
Инспекциялау субъектісінің және инспекцияланатын учаскенің қысқаша сипаттамасы |
|
|
Алдыңғы инспекция күні (күндері) |
|
|
Алдыңғы инспекцияны жүргізген инспекторлардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы |
|
|
Алдыңғы инспекциямен салыстырғанда елеулі өзгерістер |
|
|
Инспекция мақсаты |
|
|
Инспекцияланатын аймақтар |
|
|
Инспекцияны жүргізуге қатысатын ұйым персоналы |
|
|
Инспекция жүргізгенге дейін инспекциялау субъектісі ұсынған құжаттар |
|
GMP сәйкестігіне инспекция жүргізу үшін:
|
Сапаны басқару |
|
|
Персонал |
|
|
Үй-жайлар мен жабдықтар |
|
|
Құжаттама |
|
|
Өндіріс |
|
|
Сапаны бақылау |
|
|
Аутсорсингтік қызметі |
|
|
Рекламациялар және өнімді қайтарып алу |
|
|
Өзін-өзі инспекциялау |
|
|
Өнімді өткізу және тасымалдау |
|
|
Өндірістік учаскенің дерекнамасын бағалау (қажет болған жағдайда) |
|
|
Басқалар |
|
Қалған инспекциялар үшін (GDP, GLP, GCP, GPP) – тиісті фармацевтикалық практикалар қағидаларының тиісті бөлімдері толтырылады.
|
Өрескел |
|
|
Елеулі |
|
|
Болмашы |
|
Ескертпе*
Адамның денсаулығы мен өміріне қауіпті дәрілік заттың, оның айналысы процесінде дәрілік затты өндіру сапасының төмендеу мүмкіндігінің елеулі тәуекелін туындататын немесе оған әкеп соғатын тиісті фармацевтикалық практика талаптарына сәйкессіздік өрескел сәйкессіздік болып табылады.
Тиісті фармацевтикалық практика талаптарына сәйкессіздік, ол дәрілік заттың айналысы процесінде оның сапасының елеулі түрде төмендеуіне алып келетін немесе оны туындататын өрескел сәйкессіздік немесе сәйкессіздіктер комбинациясы ретінде сыныпталмайтын, олардың бірде-біреуі өзі елеулі болып табылмайды, жиынтықта елеулі сәйкессіздікті білдіретін елеулі сәйкессіздік болып табылады.
Өрескел немесе елеулі санатқа түспейтін, алайда оны елеулі немесе өрескел деп сыныптайтын оған қатысты ақпарат жеткіліксіз, мәлімделген тиісті фармацевтикалық практиканың бұзылуы немесе сәйкессіздігі болмашы сәйкессіздік болып табылады.
|
Инспекциялау субъектісі өкілдерінің қорытынды кеңес барысында жасалған түсініктемелері |
|
|
Анықталған сәйкессіздіктер бойынша инспекциялау субъектісінің жауабын бағалау |
|
|
Инспекция барысында алынған құжаттар және (немесе) үлгілер |
|
|
Инспекциялау нәтижелері |
|
|
Ұсыныстар |
|
Фармацевтикалық инспекциялау жүргізу туралы есеп жасалды және қол қойылды:
Жетекші фармацевтикалық инспектор _________ _______________________________
қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Инспекциялық топтың мүшелері: ____________________________________________
қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________
қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______ жылғы "____" ___________________
7 және 8-бөлімдерді инспекциялық топ анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі ақпаратты алғаннан және мемлекеттік органның фармацевтикалық инспекторатымен келіскеннен кейін толтырады.
|
Анықталған сәйкессіздіктердің тізбесі |
Анықталған сәйкессіздіктердің сыныптамасы |
Анықталған сәйкессіздіктерді жою туралы ақпарат (түзету және алдын алу іс-қимылының қысқаша сипаттамасы, растайтын құжат) |
Анықталған сәйкессіздіктерді жоюды бағалау |
|
|
|
|
|
Инспекциялау субъектісі, объектінің, учаскенің атауы, мекенжайы
______________________________________________________________________
Тиісті фармацевтикалық практика талаптарына сәйкес келеді (сәйкес келмейді)
(тиісті фармацевтикалық практиканың атауын көрсету).
|
|
Тиісті фармацевтикалық |
Нысан
Тиісті фармацевтикалық практикалар сәйкестігіне сертификат беру немесе қайта рәсімдеу туралы өтінім
________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
__________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
(объектінің мекенжайы)
Объектіге: ______________________________________________________________
(объектінің толық атауы)
тиісті өндірістік және (немесе) дистрибьюторлық практикалар (GMP және (немесе)
GDP) талаптары сәйкестігіне сертификат беру немесе қайта рәсімдеуді сұраймыз
_______________________________________________________________________
(керектісін сызу)
Инспекциялау субъектілерінің деректері:
Заңды тұлғаның және (немесе) дара кәсіпкердің атауы
_______________________________________________________________________
Заңды мекенжайы: ______________________________________________________
БСН/ЖСН _____________________________________________________________
фармацевтикалық қызметке лицензияның және оған қосымшаның № (бар болса):
_______________________________________________________________________
Телефон, факс, email: ____________________________________________________
электрондық почтаның мекенжайы: ________________________________________
Субъектінің атауы өзгеруі, орналасқан мекен-жайының
атауы объектінің нақты орнын ауыстырмай
орналасқан кезде өзгерген
жағдайда (рәсімдеу үшін) _________________________________________________
Өтініш беруші туралы мәлімет _____________________________________________
(әзірлеуші, өндіруші (дайындаушы), уәкілетті адам)
Орналасқан мекенжайы
(телефон, факс, e-mail) ___________________________________________________
Сенімхаттың күні мен нөмірі (сенімхаттың көшірмесі) _________________________
(портал арқылы өтініштің электрондық нұсқасы тіркелген кезде)
инспекциялау жүргізу күні ________________________________________________
өндіріс үшін: ____________________________________________________________
(өнімнің түрі)
Дәрілік нысаны _________________________________________________________
Технологиялық процесс сатысы ____________________________________________
Басшы ____________________________________________________ _____________
тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) қолы
|
|
Тиісті фармацевтикалық |
Нысан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Дәрілік заттардың айналысы саласындағы тиісті фармацевтикалық практикалар талаптарына сәйкестігін растайтын сертификат
№________
Берілген күні ____ жылғы "____" ________
____ жылғы "___" __________ дейін жарамды
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің толық атауы, орналасқан жері, деректемелері)
___________________________________________________________________ берілді
(объектінің атауы)
Соңғы жүргізілген және тиісті фармацевтикалық практикаға сәйкестігін растайтын
фармацевтикалық инспекцияны жүргізу кезінде алынған мәліметтердің негізінде
_________________________________________________________________________
берілген сәтке
Өндіріс үшін:
тиісті фармацевтикалық практикаға сәйкестік саласы:
дәрілік заттар тобының атауы
_________________________________________________________________________
технологиялық процесс кезеңдері
_________________________________________________________________________
өндірістік үй-жайлардың, алаңдардың тізбесі _________________________________
Сертификатты берген мемлекеттік орган
________________________________________________________________________
(толық атауы)
Мемлекеттік органның басшысы __________________________________ _________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
|
|
Тиісті фармацевтикалық |
Нысан
|
[Көрсетілетін қызметті берушінің атауы] |
|
[Көрсетілетін қызметті берушінің атауы] |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде дәлелді бас тарту
Берілген күні: [берілген күні]
[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
Тіркеу орны: облыс:
[Облыс] Аудан: [Аудан]
Қала / елді мекен: [қала/елді мекен]
[бизнес сәйкестендіру нөмірі] [БСН]
Мемлекеттік тіркеу күні [күні]
Бас тарту себебі:
[Бас тарту себебі] [Қол қоюшының лауазымы]
[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]
[Қол қоюшының лауазымы] [тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]
|
|
Тиісті фармацевтикалық |
Нысан
Тиісті фармацевтикалық практикалар сәйкестігі сертификатын ұстаушылардың тізілімі
|
р/с № |
Сертификатты ұстаушының атауы, заңды мекенжайы, телефоны |
Сертификатты ұстаушы объектісінің мекенжайы |
Сертификаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі |
Мемлекеттік стандарттарға сәйкестік саласы |
Сертификатты тоқтата тұру және кері қайтарып алу туралы мәліметтер |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
||
|
|
Тиісті фармацевтикалық |
|
|||||
Нысан
"Тиісті фармацевтикалық практика (GMP) талаптары сәйкестігіне сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті |
||
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
"электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал). |
||
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Сертификат беру – 2 (екі) жұмыс күні Қайта ресімдеу – 2 (екі) жұмыс күні |
||
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
||
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі (немесе сенімхат арқылы) |
1) Тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестікке сертификат беру немесе қайта ресімдеу; 2) Тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестікке сертификат беру немесе қайта ресімдеу; 3) Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
||
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
||
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18-30-ге дейін. 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініші қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі беру келесі жұмыс күні жүргізіледі). |
||
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестікке сертификат немесе тиісті дистрибьюторлық практика талаптарына сәйкестікке сертификат (GDP) алу үшін-осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді жолдайды; Тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестік сертификатын немесе тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестік сертификатын қайта ресімдеу үшін: 1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім; 2) инспекциялау объектісі нақты көшірілмей субъект атауының өзгергенін, орналасқан жері мекенжайы атауының өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі (тиісті ақпараттық жүйелерден алуға болатын мәліметтерді қоспағанда) |
||
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме |
Көрсетілетін қызметті алушы мынадай жағдайларда мәлімделген тиісті фармацевтикалық практика талаптарына сәйкес келмейді деп танылады: 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі; 3) өрескел сәйкессіздік анқыталған жағдайда; 4) түзету және алдын алу іс-қимылдарының жоспары мен оның орындалуы туралы есеп қоса берілген жауапты инспекция нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер жойылмаған кезде; 5) осы Қағидалардың 31-тармағында белгіленген мерзімде жауап ұсынылмаған жағдайда; 6) инспекциялау субъектісі осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген тәртіпті қамтамасыз етпеген кезде; 7) инспекциялау субъектілері уәкілетті органның шешімі бойынша инспекциялау жүргізуді қамтамасыз етпеген жағдайда. Инспекциялау субъектісіне осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат беруде дәлелді бас тарту жіберіледі. |
||
|
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің интернет-ресурсында көрсетілген kmfk@dsm.gov.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8-800-080-7777. |
||
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
||
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК