GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Құжаттар
Баспасөз отралығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету,саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау
23 октября 2026
25 қазан – Республика күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

25 қазан – Республика күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті


Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында ҚР ДСМ Медициналық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде салтанатты жиын өтті.


Іс-шара барысында Департамент басшысы Жанерке Алмасқызы облыс әкімі М. Ергешбаевтың атынан мінсіз қызметі, өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі мен белсенді еңбегі үшін департамент қызметкерлеріне Алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстады.
Өз сөзінде департамент басшысы ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, ел игілігі мен халық амандығы жолындағы жауапты еңбектеріне толағай табыс тіледі.


Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
#RepublicDay
#Республикакүні

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету,саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау
29 сентября 2026
«Қызмет алушылар күні» ұйымдастырылды
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен әлеуметтік және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мәселелері бойынша азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру мақсатында «Қызмет алушылар күні» өткізілді.
 
Іс-шара барысында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандары Халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың сауалдарына жауап берді.
 
Кездесу барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде азаматтардың құқықтары, қажетті құжаттар, қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы ақпарат берілді.
 
Мұндай іс-шаралар халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттану деңгейін арттыруға, сондай-ақ азаматтарға сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетуге бағытталған.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету,саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау
29 сентября 2026
ФАРМАЦЕВТТЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ
25 қыркүйек – Дүниежүзілік фармацевттер күні. Бұл мереке – халық денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша фармацевт мамандарға деген құрметтің белгісі.
 
Осыған орай ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Жақсылық Жанерке Алмасқызы Дүниежүзілік фармацевттер күнімен құттықтап, оның тарихы мен қоғамдағы маңыздылығына тоқталды. Мерекеге орай бірқатар фармацевт мамандарына Алғыс хаттар табысталды.
 
Фармацевт мамандығы – қоғам үшін аса маңызды және жауапты саланың бірі. Адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей ықпал ететін бұл кәсіпте адал еңбек пен үздіксіз кәсіби білім қажет ететін сала.
 
Кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, барлық фармацевт мамандарға денсаулық, табыс пен сәттілік тілейміз!
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету,саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау
29 сентября 2026
Дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу неғұрлым атаулы сипатқа ие болуда

Дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу неғұрлым атаулы сипатқа ие болып, халық үшін қолжетімділігін қосымша қамтамасыз етуді қажет ететін дәрілік заттарға бағытталуда.

«Цифрлық құралдар дәрілік заттардың қозғалысын бақылауға және олардың айналымының әртүрлі кезеңдеріндегі нақты бағаларды талдауға мүмкіндік береді. Бұл бағаның негізсіз өсуінің ықтимал белгілерін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов.

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтар үшін дәрілік заттардың баға қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады. Белгіленген шекті бөлшек сауда бағаларының асып кетуі анықталған жағдайда, тауарлық чек пен дәрілік заттың қаптамасын қоса тіркей отырып, өтінішті DariKZ мобильді қосымшасы арқылы жолдауға болады.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету,саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау
29 сентября 2026
«Тіл – тірегім!» челленджі өткізілді
2026 жылдың 5 қыркүйегінде Тіл мерекесіне және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Тіл – тірегім!» тақырыбында челлендж өткізілді.
 
«Тіл – тірегім!»
Ана тілі – ұлттың рухы, елдің айнасы, халықтың баға жетпес мұрасы.
Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлға, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі сөздері бүгінгі ұрпақ үшін де өз маңызын жоғалтқан жоқ.
 
Осы орайда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Тіл – тірегім!» челленджін қолдай отырып, ана тілімізге деген құрметін білдіреді.
 
«Тіл – тірегім!» челленджін ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған жері Торғай өлкесіндегі әріптестеріміз Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіне жолдаймыз!
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету,саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау
29 сентября 2026
Ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді
Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мамандарының қатысуымен «№4 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-де ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.
 
Семинар барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық оқыту ұйымдастырылды.
 
Сонымен қатар, дәрілік заттар мен вакциналардан туындаған жағымсыз реакциялар туралы хабарламаларды Кешенді медициналық ақпараттық жүйесі (КМИС) арқылы «Сары карта» модулінде уақтылы және толық толтыру тәртібі түсіндірілді. Дәрілік заттарды рецепт бойынша босату тәртібіне, оның ішінде рецептілік дәрілік заттарды дәрігердің рецепті негізінде босату талаптарына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, жарамдылық мерзімі өткен, сапасы талаптарға сәйкес келмейтін және қолдануға жарамсыз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес есептен шығару және жою қағидалары түсіндіріліп, оларды қауіпсіз кәдеге жарату тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға фармакологиялық қадағалау жүйесіне белсенді қатысудың және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.
 
Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау
29 сентября 2026
«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» — ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ҰТЫМДЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛДЫ
2026 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда қаласындағы GPP (Тиісті дәріханалық практика) сертификатына ие дәріхана ұйымдары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум фармацевтикалық қызмет көрсету сапасын арттыруға, GPP стандарттарын дамытуға және бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
 
Осы меморандум аясында ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде «Лидер Медикал Групп» ЖШС «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Іс-шараға Департамент мамандары қатысты.
 
Іс-шара барысында дәріхана мамандары дәріхана жұмысымен, дәрілік заттарды сақтау жағдайларымен және фармацевтикалық қызмет көрсетудің ерекшеліктерімен таныстырды.
«Ашық есік күні» қала тұрғындарының дәрілік заттарды ұтымды қолдану, қауіпсіз фармакотерапия және фармацевтикалық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталды.
 
Сонымен қатар, Polpharma Santo және EUROVIT компанияларының өкілдері келушілерге дәрілік заттарды дұрыс қолдану бойынша кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
 
Іс-шара барысында келушілерге:
  • антибиотиктерді ұтымды қолдану;
  • өзін-өзі емдеудің қауіптері;
  • дәрілік заттарды дұрыс қабылдау қағидалары;
  • Тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптары бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.
 
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, халықтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, дәрілік заттарды қауіпсіз әрі ұтымды қолдану мәдениетін арттыруға және ұтымды фармакотерапия қағидаттары бойынша ақпараттандыру деңгейін көтеруге ықпал етті.
 
Іс-шара қорытындысында Департамент мамандары «Лидер Медикал Групп» ЖШС аймақтық басқарушы директорына Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып келе жатқан елеулі үлесі, қоғамдық маңызы бар бастамаларға тұрақты қолдау көрсетіп, өңірде өткізілетін іс-шараларға белсенді атсалысқаны үшін алғыс білдірді.
 
Дәрілік заттарды дұрыс әрі ұтымды қолдану – халық денсаулығын сақтаудың маңызды кепілі!
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау
08 сентября 2026
Фармацевтикалық қызмет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және олар бойынша бас тарту себептері

Фармацевтикалық қызмет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бөлінісінде:

I. «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметі;

II. «Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметі;

III. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметі;

IV. «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісу және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызметі.

Көрсетілген барлық мемлекеттік қызметтер бойынша бас тартудың негізгі себептері:

  • қызмет алушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
  • лицензия алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету,саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау
27 августа 2026
"Бір терезе" қағидаты бойынша композиттік мемлекетік қызмет
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында мемлекеттік бақылау
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету,саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау
27 августа 2026
"Бір терезе" қағидаты бойынша композиттік мемлекетік қызмет
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы