«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ (бұдан әрі – Департамент) Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының ана өліміне қатысты 2025 жылғы 02 ақпандағы №09-11/522 шығыс хаты негізінде 2026 жылдың 11 наурыз – 09 сәуір аралығында тәуелсіз медициналық сарапшылардың қатысуымен «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп – тексеру жүргізілді.
Тергеп - тексеру жұмыстарының қорытындысы сәйкес:
«Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны деңгейінде: денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарының және диагностикалау мен емдеу хаттамаларын толық емес сақталмауы анықталды.
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және Қызылорда облыс прокуратурасына мәлімет үшін, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына құзірет шегінде қарау үшін, Қызылорда облысының полиция департаментіне және Арал АПБ құқықтық баға беру үшін, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалына қаржылық шара көру үшін жіберілді.