2023 жылғы 16 қарашадағы №444-НҚ бұйрығы

RentschlerBiopharma SA. Германия өндірісінің Карзиба (Динутуксимаб) инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат 20 мг/4,5 мл дәрілік затын «FARM ZS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындының және (немесе) рұқсат беру құжатының қолданысын тоқтата тұру туралы

 

 

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 45-бабының 1-1 тармағына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21749 болып тіркелген) БҰЙЫРАМЫН:

  1. RentschlerBiopharma SA. Германия өндірісінің Карзиба (Динутуксимаб) инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат 20 мг/4,5 мл дәрілік затын «FARM ZS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген 2023 жылғы 8 қыркүйектегі №KZ11VBY00057165, 2023 жылғы 8 қыркүйектегі №KZ81VBY00057166 Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындының және (немесе) рұқсат беру құжатының қолданысы тоқтата тұрылсын.
  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды жүргізсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасарының міндетін атқарушы К.А. Төлешовке жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: 2023 жылғы 1 қарашаның «FARM ZS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің хаты.  

 

 

Төраға                                                                                 Н. Ысқақов

 

Согласовано

16.11.2023 16:46 Жекеева Асель Касмукановна

16.11.2023 16:52 Кабденов Алишер Кайратович

16.11.2023 17:46 Тулешов К.А.

Подписано

16.11.2023 21:55 Искаков Нұрлан Зайкешұлы

Дата публикации
20 ноября 2023