«Сультофай®, инъекцияға арналған ерітінді, 100 ӘБ/мл + 3.6 мг/мл және Сультофай®, тері астына енгізуге арналған ерітінді, 100 ӘБ/мл + 3.6 мг/мл» дәрілік заттарының тіркеу куәліктері кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 259-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (тіркелген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906), БҰЙЫРАМЫН:
- «Ново Нордиск Фармасьютикал», АҚШ өндірушісі, «Сультофай®, тері астына енгізуге арналған ерітінді, 100 ӘБ/мл + 3.6 мг/мл» ҚР-ДЗ-5№025245 дәрілік заттарының тіркеу куәліктері кері қайтарылсын және айналыстан алынсын.
Сараптама ұйымы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің сәйкестік сертификатын кері қайтарып алу туралы шешім ресімдеп, сараптама ұйымының ақпараттық жүйесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды.
Негіздеме: «Ново Нордиск Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №267 хаты.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетінің төрағасы Н. Ысқақов
Согласовано
09.11.2023 12:37 Жекеева Асель Касмукановна
09.11.2023 12:40 Кабденов Алишер Кайратович
09.11.2023 12:46 Тулешов К.А.
Подписано
09.11.2023 13:13 Искаков Нұрлан Зайкешұлы