Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Талдаудың басталуы: ағымдағы жылдың 15 маусымы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және әкімшілік кедергілер туралы ақпарат, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар, талдау объектісінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер туралы ақпарат болса, 8-7142-21-10-57  телефонына хабарласуыңызды сұраймыз, құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.

Алынған ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылады.

Дата публикации
31 мая 2023