2023 жылғы 14-15 ақпанда фармацевтикалық инспекторлар «Дженерика»" ЖШС дәріханасында Тиісті дәріхана практикасы GPP стандартының талаптарына сәйкестігіне инспекция жүргізді. 2023 жылға Қостанай облысының 50-ден астам объектісінде инспекция жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда Қостанай облысы бойынша GPP сертификатының 91 ұстаушысы бар. Тиісті дәріхана практикасының стандарты фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз етуге, халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік препараттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, оған дәрілік зат туралы дұрыс ақпарат беруге, салауатты өмір салтын насихаттауға, рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған.