
28.03.2025 ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қарағанды облысының медициналық ұйымдарының пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтерінің өкілдерімен олардың кадрлық құрамын нығайту және халықтың медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңес барысында "Облыстық клиникалық аурухана" КМК медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі директор орынбасарының м.а. Ж. Досмаилова "Облыстық клиникалық аурухана" КМК деңгейінде пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің құрылымы мен жүргізіліп жатқан жұмыстарының таныстырылымымен баяндама жасады.
Сондай-ақ Департаменттің медициналық қызметті бақылау бөлімінің басшысы А. Князева қолданыстағы "Тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің қағидаларын және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 40 бұйрығының шеңберінде бекітілген қауіпсіздік стандарттарына ұсынылатын медициналық қызметтер сапасының сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған ішкі бақылауды ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі аспектілеріне баса назар аударды және Қазақстан Республиканың Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде өтініш берушілермен жұмыс істеу кезінде қандай сұрақтарға назар аудару қажеттігін айтты.