
2025 жылдың 14 наурызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті дәрілік заттардың айналымы саласындағы өзекті мәселелер бойынша дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу субъектілерінің өкілдерімен онлайн-кеңес өткізді. Кеңес барысында қатысушылармен фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер, тиісті дәріханалық практика стандартын (GPP) енгізу, дәрілік заттарға бағаны реттеу, рецепт бойынша босатылатын дәрілерді , оның ішінде есірткі, психотроптық және күшті әсер ететін дәрілік заттарды босату қағидалары, сондай-ақ фармацевтикалық қызмет қағиаларын бұзғаны үшін болатын жауапкершілік сияқты өзекті тақырыптар талқыланды.