Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Қазақстан Республикасының "Халықаралық әйелдер күні" және "Наурыз" мемлекеттік мерекелерін мерекелеу қарсаңында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат талаптарын сақтаудың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлескен кеңесі өткізілді.

Іс-шарада орталық аппараттың тапсырмасын орындау мақсатында Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағарту пулының спикері болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі сертификатталған маман Алтынай Сүлейменова сөз сөйледі.

Кеңес оқыту семинары аясында өткізілді, онда А. Сүлейменова "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" атты презентация тақырыбымен сөз сөйледі. Семинар-кеңес барысында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың құқық бұзушылықтардың ситуациялық міндеттерін талдай отырып, "Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат", "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар" ұғымдары түсіндірілді. Сондай-ақ тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық мәселелері қаралды. Мемлекеттік қызметшінің күнделікті тәжірибесінде заңнама нормаларын қолдану, сондай-ақ ықтимал тәуекелдерді қарау және құқық бұзушылықтардың жолын кесу мәселелері кеңінен талқыланды.