
6 наурызда Қарағанды облысының әкімінің орынбасары О. Таурбековтың төрағалығымен Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының алқасы өтті, оның барысында өткен жылғы жұмыстың қорытындылары шығарылып, одан әрі дамудың басым бағыттары айқындалды.
Департамент басшысы О. Смирнова 2024 жылғы медициналық көмек көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижелері туралы баяндама жасады. Өз сөзінде ол халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін, медициналық ұйымдарды аккредиттеу деңгейін арттырудың басымдығын, кәсіби жауапкершілік институтын енгізу жағдайындағы сын-тегеуріндерді, азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелерін, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық ұйымдарды медициналық техникамен жарақтандыру мәселелерін қоса алғанда, негізгі мәселелерді атап өтті.