
Тиісті дәріхана практикасы саласындағы ұйымның негізгі мақсаты фармацевтикалық қызметкерлер халыққа көрсететін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету болып табылады.
Мақсатқа қол жеткізу және тұтынушылардың сұраныстарын неғұрлым толық қанағаттандыру үшін «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 04 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 «Тиісті фармацевтикалық практиканы бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес GPP әзірледі және енгізді.
Кезекті GPP сертификаты Абай қаласында «А. О. Авраменко» ЖК Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Абай көшесі, №40 үй, №10 т.е.б. мекенжайы бойынша дәріханаға берілді.
01.01.2025 ж Қарағанды облысында 483 жұмыс істеп тұрған дәріхана жұмыс істейді, оның ішінде GPP стандартының талаптарына 110 объект (GPP сертификатын ұстаушылар) сәйкес келеді, бұл жұмыс істеп тұрған дәріханалардың жалпы санының 23% құрайды.
GPP Тиісті дәріханалық практика стандартын енгізудің барлық мәселелері бойынша Қарағанды облысы бойынша МФБКД-не мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Қарағанды қ., Терешкова к-сі, 28/1 құрылыс, 2 т.е.б., 213 кабинет, сондай-ақ әр бейсенбі сайын бізде сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін консультативтік кабинет жұмыс істейді. Тел: 21-54-98.