
Приозерск қаласының бірінші дәріханасы тиісті дәріхана практикасының (GPP) стандартына сәйкестігін растады және енгізді. Приозерск қаласы, Кисунько көшесі, №3/2 құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан «Архабаева Жанат Айдаралиевна» ЖК дәріханасы фармацевтикалық инспекциядан сәтті өтті.
Инспекция жүргізу кезінде алынған мәліметтер негізінде дәріхана басшысына GPP стандартына сәйкестігін растайтын сертификат табысталды. Бұл Приозерск қаласында фармацевтикалық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін маңызды қадам. Дәріхана ұжымын құттықтаймыз және табыс тілейміз!