Фармацевтика саласының өзекті мәселелері: «Атамекен» ҰКП алаңында өткен кеңестің қорытындысы

Фармацевтика саласының өзекті мәселелері: «Атамекен» ҰКП алаңында өткен кеңестің қорытындысы

*Бүгін, 2024 жылғы 20 желтоқсан күні, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен «Атамекен» ҰКП алаңында  дәрілік заттар айналымының өзекті мәселелері жөніндегі кеңес өткізілді!*

Департамент басшысы О.В. Смирнова төреағалығымен және «Атамекен» ҰКП директоры орынбасары қатысуымен дәрілік заттарды бөлшек саудада сату субъектілерінің, сондай-ақ жеке медициналық ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті.

Кеңестің негізгі тақырыптары:

Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер
Тиісті дәріхана практикасы (GPP) стандартын енгізу туралы
Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау қағидалары
Дәрілік препараттардың бағасын қайта реттеу
Рецепт бойынша және рецептсіз дәрілік заттарды босату ережелері
Электрондық нысанда жеке медициналық кітапшаларды жүргізу
Кеңеске қатысушылар фармацевтикалық қызмет субъектілерінің алдында тұрған негізгі қиындықтарды атап өтті. Департамент барлық мәселелер бойынша түсініктемелер мен ұсыныстар берді, сондай-ақ келіп түскен барлық ұсыныстарды бақылауға алды.

Біз сала қатысушыларымен конструктивті өзара іс-қимылға бағытталғанбыз және медициналық қызметтерді реттеу мен сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырамыз.

🤝 барлық қатысушыларға конструктивті диалог үшін алғыс айтамыз!