Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласындағы мамандардың сертификаттарын беру бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласындағы мамандардың сертификаттарын беру бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Қарағанды облысында түсіндіру жұмысы аясында Департамент «Қарағанды медициналық университеті» КЕАҚ алаңында профессор-оқытушылар құрамымен және медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді. Сұрақ-жауап форматында біліктілік деңгейлерін беру тәртібі түсіндірілді. Департамент басшысы О. Смирнова маңызды өзгеріске назар аударды: «санат» ұғымы енді қолданылмайды және оның орнына біліктіліктің жаңа деңгейлері келді.
Бұл қадам медицина қызметкерлерінің кәсіби даярлығы мен біліктілігін бағалау жүйесін жақсартуға бағытталған, бұл өз кезегінде медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға көмектеседі.
Талқылау барысында біліктіліктің жаңа деңгейлерін енгізудің практикалық аспектілері қаралды, сондай-ақ кездесуге қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауаптар берілді.
Департамент медицина қызметкерлеріне біліктілік деңгейлерін беру бөлігінде Денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық өзгерістердің барынша ашықтығы мен түсінігін қамтамасыз ету үшін осындай кездесулерді басқа жерлерде де өткізуді жалғастырады.