
2024 жылдың 31- қазанында Қарағанды облысы әкімі орынбасары О. Тәуірбеков басшылығымен ҚР ДСМ Электронды денсаулық сақтауды дамыту департаменті, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өкілдерінің, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау басқармалары,Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және Салидат Каирбекова атындағы денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы филиалдарының басшылары қатысуымен кеңес өтті.
Кездесуде медициналық ұйымдардың деңгейінде дәрілік заттар таңбалануы мен қадағалануы жүйесін іске асырудың өзекті сұрақтары, ары қарай іске асырудың негізгі жолдары мен міндеттері қарастырылды.
Қатысушылар барлық мүдделі тараптар арасындағы іс-қимылдар мен өзара іс-қимылды нақты үйлестіру қажеттігін атап өтті.