Облыста таңбалау жүйесін іске асыру туралы

Облыста таңбалау жүйесін іске асыру туралы

Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесін іске асыру жалғасуда

Қарағанды, 2024 жылдың 30 қазан күні – Бүгін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары О.Таурбековтың төрағалығымен дәрілік заттарды міндетті таңбалау мен қадағалауды жүзеге асырудың өзекті мәселелеріне арналған өңір дистрибьюторларымен кеңес өтті.

Кеңес барысында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысы О. Смирнова облыста таңбалауды енгізу бойынша ағымдағы жағдайды таныстырды, сондай-ақ дәрілік заттарды жеткізушілер мен бөлшек дәріхана желісінің өзара іс-қимылы кезінде туындайтын бірқатар проблемаларды айтты. Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі тауарларды нақты жеткізу мен қабылдау-тапсыру актілерін ресімдеу арасындағы мерзімдерді сақтау болды.

Кеңес қатысушылары жұмыс тиімділігін арттыру және тәуекелдерді азайту үшін дистрибьюторлар мен дәріхана желілері арасындағы ақпараттық өзара әрекеттесуді жақсарту қажеттілігімен келісті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе дәріхана қоймаларының ЖРВИ, тұмау және коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықты маусымдық көтеруге дайындығы болды. Облыстың дәріхана қоймаларында дәрілік заттардың болуына жүргізілген мониторингке сәйкес ЖРВИ, тұмау және COVID-19 емдеу үшін қолданылатын препараттардың негізгі топтарының, сондай-ақ медициналық бұйымдардың жеткілікті қоры бар. Дәрілік заттардың осы тобына сұраныстың шамалы өсуі байқалады, бірақ аса көп сұраныс тіркелмеген. Департаментке халықтан шағым түспеді. Соған қарамастан, О. Смирнова сырқаттанушылықтың арту ықтимал тәуекелдерін ескеру және дәрілік заттардың жеткілікті қорын қарастыру қажет екенін атап өтті.

Кеңес соңында әкімнің орынбасары бірқатар тапсырмалар беріп, бірлескен күш-жігермен ғана дәрілік заттар айналымы саласындағы қауіпсіздік пен ашықтыққа кепілдік беруге болатынын, бұл өз кезегінде тұтынушылардың Денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін арттыратынын атап өтті.