Медицина қызметкерлеріне біліктілік деңгейлерін алу және беру мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы

Медицина қызметкерлеріне біліктілік деңгейлерін алу және беру мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы

22.10.2024 жылы Департаменттің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің қызметкерлері облыстың медициналық ұйымдары өкілдерінің қатысуымен біліктілік деңгейін бере отырып, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаттарын беру мәселелеріне арналған кеңес өткізді:
«Қарағанды қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК
«Қарағанды қаласының № 3 емханасы» ШЖҚ КМК
«Қарағанды қаласының № 5 емханасы» ШЖҚ КМК
«Қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы» ЖШС
«Clinic Miras» ЖШС
«Inlife» ЖШС
«№8 емхана» ЖШС
«№15 емхана» ЖШС
«Жаңа емхана» ЖШС (Қарағанды)
«Мерей» Медициналық фирмасы» ЖШС
«Шапағат» балалар үйі» КММ
«ТҰЛПАР» ЖШС
«Қарағанды облысының полиция департаменті емханасы бар Госпиталь» ММ
Кеңесте проблемалық мәселелер талқыланды, біліктілік деңгейін бере отырып, сертификаттар беруге өтініш беру кезеңдері бойынша түсініктемелер берілді. Іс-шараның бұл түрін облысымыздың барлық медициналық ұйымдары арасында өткізу жоспарлануда. Бұл аймақтағы медициналық қызметтердің сапасын жақсартудың маңызды қадамы. Барлық қатысушыларға белсенді талқылау үшін алғыс айтамыз!